Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.

Отбасы тәрбие бастауы

27,748 views

Published on

Ата – аналармен тілдесіп, оларды ынталандыру, ортақ шешімді анықтау. Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, ата - аналармен бетпе-бет кездесе отырып, бала тәрбиесі туралы пікір алысу. Бала тәрбиесі де ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Published in: Education
  • Login to see the comments

Отбасы тәрбие бастауы

  1. 1. Жамбыл облысы. Т. Рысқұлов ауданы Сөгеті бастауыш мектебінің тәрбиешісі.
  2. 2. «Баланы дұрыс тәрбиелеу – бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу – бұл біздің келешек қасіретіміз» А. С. Макаренко
  3. 3. «Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам» Грек философы - Эпикет
  4. 4. Кіріспе сөз Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата – ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі – жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата – анамен тәрбиешінің ролі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту». «Сезімді тәрбиелеу» яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерден рахат қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз – адамзатқа қызмет ету. Әр ата – ана перзентінің мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата – аналық міндеті деп түсінуі керек. «Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам» деген болатын грек философы - Эпикет. Бала - әр ата - ананың болашағы. Ол – оның өмірінің жалғасы. менің болашағым дегенде ойларыңызға қандай ұғымдар келеді?
  5. 5. «Ой қозғау» Бала деген кім?
  6. 6. Біздің ұрпағымыздан күтеріміз көп. Олай бола, біз тәрбие үрдісіне баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек қандай жағымсыз тілектерді баламызға тілемейміз. Мысалы: еріншектік, жалқаулық, сараңдық, т. бБіздің баларымыздың адамгершілік, моральдік бейнесі әр уақытта көңілімізден шыға бермейді. Күнделікті өмірде ашуланшақ,депсіз балалар кездесіп жатады. Бала өзінің болашағыекенін ұғынатын әр ата - ана өз баласына көп көңіл бөлуі керек»
  7. 7. Ситуациялық сұрақтар «Қымбат машина» әңгімесі «Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат, Қанат, Мұса қоршап алды. - Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі. - Келші көрейік... Бере тұршы жүре ме екен? - Қандай әдемі, кел. ойнайық. Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды. Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді. - Мен де ойнайыншы. - Ал, балалар болса үндемей, ойындарын жалғастыра берді.
  8. 8. Сұрақтар: - Әңгімеден не түсіндіңіздер? - Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар? - Аман кінәлі ме? - Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?
  9. 9. деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты,күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді,саналы ұрпағынтәрбиелейік. Егер ата – ана мен мектеп өзара тығызбайланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса,тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз. Ән: «Сен маған сүюді үйреттің»
  10. 10. «Сен маған сүюді үйреттің» (Әні-Ербол Байырбеков, сөзі-Ақмарал Леубаева) 1. Сен маған сүюді үйреттің, Ұмытып кеткен едім. Басымды июді үйреттің, Тәкаппар өктем едім ... Шынайы күлуді үйреттің, Нөсерлі көктем едім. Өмірді сүруді үйреттің, Ұстазсыз мектеп едім. Қайырмасы: Сен маған ұшқанды үйреттің, Тордағы бұлбұл едім. Сезіммен құшқанды үйреттің, Күдікшіл құмбыл едім. (2 рет) 2. Кім дос, кім дұшпанды үйреттің, Уайымшыл бір мұң едім. Иіскеп қысқанды үйреттің, Құшақсыз бір гүл едім. Шынайы күлуді үйреттің, Нөсерлі көктем едім. Өмірді сүруді үйреттің, Ұстазсыз мектеп едім. Қайырмасы: Сен маған ұшқанды үйреттің, Тордағы бұлбұл едім. Сезіммен құшқанды үйреттің, Күдікшіл құмбыл едім. (2 рет)

×