SlideShare a Scribd company logo
1 of 24
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігіҚ қ ә Ғ
О т стік аза стан облысың ү Қ қ
Шардара ауданы
А.Иманов атында ы жалпы орта мектепғ
Та ырыбы:қ
Сыныбы: 10а.
Орындаған: Мырзаев Адилхан Абдикерімұлы.
Жетекшісі: Арзықұлова Жансұлу Көркембайқызы.
1
2013-2014 о у жылық
Қазақстан Республикасы оқушыларының кіші Ғылыми академиясы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы
А.Иманов атындағы жалпы орта мектебі
мемлекеттік мекемесі
Бөлімі:
Орындаушы
оқушы:
Қала,аудан:
Аты-жөні:
Жетекшісі:
Флора экологиясы
10а-сынып. А.Иманов атындағы жалпы
орта мектебі
Шардара қаласы
Мырзаев Адилхан Абдикерімұлы.
Арзықұлова Жансұлу Көркембайқызы.
2
Мазмұны
№ Тақырыптың аты Беті
1
2
3
4
5
6
7
Кіріспе
Өсімдік ауруларына қарсы пайдаланатын
фитонциттердің түрлері.
Экономикадағы жылыжайдың тиімділігі.
Негізгі бөлім
Жылыжайлардағы көкөніс дақылдарын
өндіру, өсіру жолдары.
Тәжірибе әдістері.
Помидордың аурулары және
зиянкестері қарамойнақ ауруы.
Саңырауқұлақтар қоздыратын қияр
аурулары.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
8
9
12
15
18
20
21
23
24
3
Аннотация
Ғылыми жұмыста жылыжайлардағы өсірілетін көкөніс дақылдарын
өсіру әдістемелеріне, өсімдік ауруларына қарсы пайдаланатын
фитонциттердің (ұшпа заттардың) түрлеріне, әкономикадағы тиімділігіне
және тәжірибелік әдістерінің мол екенін тұжұрымдаған.
Жылыжайдағы бақша дақылдарын өсіріп,оның сапасын жақсартуда, өнімді
көбейтуге жарық пен ыстықтың мол болуына кең көлемде жағдай
жасалғаны туралы жазылған.
Жылыжайдағы жұмыстардың ұйымдастырылуы, зиянкестердін
түрлеріне, құрамына, биологиялық, агротехникалық, химиялық әдістеріне
бақылау жасап, зерттеу жұмыстарының түрлі әдістерін кең қолдануға
болатыны ғылыми жұмыста негізделген.
4
«Жылы жайлардағы көкөніс дақылдарын өндіру,өсіру жолдары»
тақырыбына жазылған А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінің
10а
сынып оқушысы Адилхан Мырзаевтың кіші ғылыми зерттеу жүмысына
РЕЦЕНЗИЯ
Пән оқытушысы Ж.Арзықұлова жетекшілігімен жүргізілген
оқушының кіші ғылыми зерттеу жұмысы, жылыжайларда өсірілетін
көкөніс дақылдарын өсіру эдістемесіне сипаттама беру және
жылыжайларда бақша дақылдарын көбірек өсіріп,тек мектеп асханасы ғана
емес, сонымен бірге ауылдық жерлерде, қыста да көкөніспен қамтамасыз
ету шараларының манызын ашу мәселелеріне арналған.
Өсімдіктерге сыртқы ортадан қажет жағдайлардың бірі - жарық.
Қазақстанда күн сәулесінің өте көп мөлшерде түсетін орталықтарының бірі
Шардара ауданы болып табылады. Сол себепті жылыжайларды Шардара
ауданында салу және оларды пайдалану аса тиімді болып табылады.
Оқушылар жылыжайда жұмыс істеу арқылы өсімдіктердің өсуі мен
дамуына бақылау жасап, зерттеу жұмыстарының түрлі әдістерін меңгеруге
мүмкіндік алады.
Осы мәселеге оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында ерекше мән
беріп, ғылыми фактілерді тілге тиек ете отырып, орасан мол шолу
материалдарын келтіреді.
Жұмыстың негізгі шолу бөлімінде
А. Мырзаев жылыжайларда көкөніс дақылдарын өсіру әдістемелеріне
тоқталып, пайдалы кеңестер келтіреді. Сонымен бірге ауылдық жерлерде
өсруге тиімді өнім алу үшін қызанақ пен қиярды қолдан тозаңдандырудың
маңызы, ғылыми зерттеу жұмысында кең көрініс тапқан.
А. Мырзаевтың жасаған тұжырымдарының барлығы өз
зерттеулерінен туындаған және көңілге қонарлық. Сондықтан да бұл
ғылыми жұмыс оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарының ішінде
үздік орындардан көрінуге лайық деп санаймын.
Рецензент: «Сырдария» университеті
биология кафедрасының
доценті Р.А.Кошкаров.
5
Пікір
А. Иманов атындағы жалпы орта мектебінің 10а-сынып оқушысы
Мырзаев Адилхан өзінің ғылыми жұмыстарында Оңтүстік Қазақстан
облысы Шардара ауданындағы жылыжайларда өсірілетін көкөніс
өсімдіктерінде тіршілік ететін зиянкестердің негізгі түрлеріне, өсіру,
өндіру жолдарына толық сипаттама жасаған.
Жұмысты жазуда химия, биология, энтомологиялық ғылымдарының
кейбір теориялық-практикалық мәселелері жөнінде жазылған Болғанбаев,
А. Серғазиев, Б. Қалымбетов, Ә. Тілменбаев, Г.Ә.Жармұханмедова, Ж.
Айтбаев, А. Жанұзақов, Б. Байматаева т.б. ғалымдардың зерттеулері
аталмыш жұмыстың ғылыми-теориялық негізі болып табылады.
Экономикадағы жылыжай жұмыстарының тиімділігін нақты
көрсеткіштермен әр қырынан жеткізе білген.
Жұмыстың ерекшелігі: Көкөніс өсімдіктерінің зиянкестерінің
түрлеріне, зиянкестермен күресуде, биологиялық әдістің тиімділігін оқушы
өз ғылыми жұмысында нақты дәлелдемелермен ұштастыра білген.
Оқушы көп ізденіп қызанақтың аурулары және саңырауқұлақтар
қоздыратын қияр ауруларын, жылыжайлар туралы қызықты материалдар,
шығу тегі бойынша ғылыми деректер жинақтаған.
Елді мекен орналасқан жердің топырағы әр түрлі себептерге
байланысты сортаң әрі жұтаң, суы ащы. Сондықтан осы топырақтың
бақша өсіруге тиімді қасиеттерін зерттеп, өңдеуде оқушы зор ізденіспен
айналысқан.
А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінің
химия-биология пән мұғалімі: Ж.Арзықұлова.
6
Жоспар
І. Кіріспе
А) Өсімдік ауруларына қарсы пайдаланатын
фитонциттердің түрлері.
Ә) Экономикадағы жылыжайдың тиімділігі.
ІІ. Негізгі бөлім
А) Жылыжайлардағы көкөніс дақылдарын өндіру, өсіру жолдары.
Ә) Тәжірибе әдістері.
ІІІ. Қорытынды
7
Кіріспе
Жұмыстын өзектілігі. Жеміс-жидек және көкөніс өнімін асыруда,
өнім сапасын жақсылауда, өнімді көбейтуге өсімдік зиянкестері және
ауруларына қарсы күрес аса маңызға ие.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы жылыжайларда
өсірілетін көкініс дақылдарының дамып өсуі үшін өте қолайлы табиғи ауа-
райына ие. Сонымен қатар ұзақ вегетация дәуірі, жарық және ыстықтың
мол болуы зиянкестердің және аурулардың тез дамып жетілуіне себепші
болады. Осы қолайлы жағдайлардың арқасында жылыжайларда өсірілетін
көкініс дақылдарына зиянкестер және өсімдік аурулары үлкен зиян
келтіреді. Сол себепті жылыжайларда өсірілетін көкініс өсімдіктерін
қорғау және оны жүзеге асыру үшін зиянкестердің негізгі түрлерін
ажырата білуіміз керек. Шардара ауданыңда түрлі ауыл шаруашылық
егіндермен бірге жылыжайларда өсірілетін көкініс дақылдарының дамуына
кең жол ашылуда.
Шардара ауданы көкініс дақылдарын өсіру үшін табиғатты қолайлы
болғандықтан келешекте жылыжайларда өсірілетін көкөніс өсімдіктерін
өсіру кең көлемде қолға алынбақ. Бірақ жылыжайларда өсірілетін көкөніс
өсімдіктерінің зиянкестермен күресу және олардың түрлерін анықтау үшін
Шардара ауданында зерттеу жұмыстары аз жүргізілді. Осыған байланысты
біз алдымызға мынадай мақсат пен міндет қойдық:
Зерттеу жұмыстары Оңтүстік қазақстан облысының
Шардара ауданында 2010 -2011 жылдары жүргізілді. Мырзашөл
өңірі үлкен тегістікті алып жатыр. Оның солтүстік және шығыс
жақтарын Сырдария ағымының ертедегі су ағымы, оңтүстік
жақтары Түркістан тауларынан басталады. Мырзашөл өңірі тегіс
болғанымен оның рельефінде үлкен ойпандар бар.
(Арнасай,Жетісай,Шардара).Мырзашөл өңірінің жалпы жер
көлемі бір миллион гектар жер.Біз зерттеу жүргізген Шардара
ауданы осы өңірдін батыс Бөлімінде орналасқан. Мырзашөл
аймағы өсімдік зиянкестерінің көптеп кездесетінімен ерекшеленіп
тұрады. А.Н. Сурковтың (1960) мәліметеріне қарағанда Мырзашөл
өңірінің ауа-райы жағдайы зиянкестің өмір сүру жағдайына
қолайлы, себебі бұл жерде қыс айларының жылы келуі мен және
көктем айларында ( наурыз, сәуір) жауын-шашынның болуы
мен байланысты.
8
Шардара ауданыңдағы жылыжайларда өсірілетін көкөніс
дақылдарының зиянкестеріне қарсы фитонцидтер практикада аз
қолданылады. Дегенмен бұл тәсілдің басқаларға қарағанда
артықшылығы бар. Оның зиянкестерге профилактикалық әсері
күшті және оны қолдану жолы арзанға түседі. М.Якобсоның
(1958) және Парамоновтың (1954) зерттеулері көрсеткеніндей,
зиянкестерді фитонцидтер жойып жібереді.
Өсімдік ауруларына қарсы пайдаланатын фитонцидтердің
түрлері.
Өсімдікті аурудан, неше түры зиянкес жәндіктерден
қорғауда химиялық препараттардың мәні зор. Дегенмен соңғы
кездері табиғатты қорғауға байланысты ғалымдар дақыл өнімін
сақтай отырып, ауру туғызғыш микробтарға, зиянкестерге қарсы
биологиялық күресу тәсілін өркендетті.
Химиялық тәсілдің ең басты кемшілігі ол тек қана ауру
тудырғыш организмдерді немесе өсімдік зиянкестерін ғана
жоймай, сонымен қатар өсімдіктің өніп-жетілуіне пайдалы
организмдер мен насекомдарды да жойып жібереді. Онымен
бірге әртүрлі химиялық препараттар өсімдіктің өніміне де және
оның сапасына да кері әсер етеді. Сондықтан химиялық заттарды
қолданбас үшін өсімдіктердің фитонцидтік қасиеттерін
пайдаланған жөн.
Фитонцидтік өсімдіктер табиғатта көп кездеседі. Мұндай
өсімдіктердің құрамында әртүрлі алколоидтар, гликозидтер,
сапонидтер, күрделі эфир, эфирлік майлар болады. Мұндай
заттардың сапасы және мөлшері оның өсіп тұрған ортасына
байланысты болады. Тағы бір айта кететін жағдай, өсімдіктерді
жинағанда оның өсу фазаларын ескеру керек. Ондай фитонцидті
өсімдіктерді кей кезде ерте көктемде немесе күзде гүлдеп
тұрғанда жинау керек. Бұл өсімдіктерді күн ашық, ауа құрғақ,
жаңбыр жоқ күндері жинайды. Жапырағы қарайған, ауруға
шалдыққан, салған шөптерді жинаудың қажеті жоқ.
Өсімдікті жинап ала салысымен көп кешіктірмей, көлеңкеде
кептіру керек. Жиналған өсімдіктерді жіп керіп жаяды, немесе
торға тегіс жайып кептіреді. кептірілген өсімдікті қағаз қаптарға
салып, құрғақ жерде сақтаған жөн. [15]
Кептірілген фитонцидтік немесе инсектицидтік қасиеті бар
өсімдікті майдалап, електен өткізеді де, жарыққа тигізбей
сақтайды.
Шөптердің ерітінділерін қолданған жағдайда майдалап
туралған өсімдік ұнтағын қайнатып, сузеді де тұнбасын шыны
ыдыстарға құйып қояды. Мұндай дайындалған ерітіндіні 1-2 ай
ғана сақтауға болады. Ерітіндіні егісті қорғауда қолданғанда оны
жай сумен араластырып, белгілі бір концентрацияда
9
пайдаланады. көбінесе мұндай шөптердің ерітінділеріне көк
сабын ерітіндісін қосқан жөн. Ол ерітіндінің фитонцидтік немесе
инсектицидтік қасиетінің ұзақ сақталуына себеп болады.
Ауру тудырғыш микробтарды немесе зиянкес жәндіктерді
жоюда қолданылатын өсімдіктердің адам организміне тікелей
зияндығын ұмытпау керек. Сондықтан мұндай өсімдіктерді
жинарда, әртүрлі ұнтақ немесе ерітінді даярлауда сақ болып,
жұмысты арнаулы киім киіп істеу керек.
Өсімдіктердің фитонцидтік және инсектицидтік қасиеті
көптен белгілі. Мәселен егер сарымсақты картоппен бірге ұстаса
картоптың фитофтороз ауруы ұлғаяды.
Кейбір фитонцидтер топырақтағы өсімдік тұқымдарының
өспеуіне де себеп болады. Мәселен жусанның жапырағы
топталған жерде жалбыз немесе зере (тмин) өсімдіктері өспей
қалады.
Көптеген өсімдіктер помидордың рак ауруынан сақтануына
себеп болады
Өсімдіктердің осы қасиетін тексеруде ғалым М. Якобсон
(1958) инсектицидтік қасиеті бар 3000 өсімдікті
тексерді.Нәтижесінде олардың көбінің зиянкес жәндіктерге қарсы
қолдануға болатынын анықтады Осындай фитонцидтік және
инсектицидтік қасиеті бар кей өсімдіктерге көңіл бөлейік. [16]
Томар дәрі (чемерица). қөпжылдық өсімдік. Сабағы үш
қырлы, биіктігі 40 см.
Бұл өсімдік помидор өсімдігін өсімдік битінен және
фитофтора ауруынан қорғайды. Ол үшін помидор өсіп тұрған
yaқыттa томар дәрінің ерітінді тұнбасымен 2 рет, 10-15 кун
аралатып себелеу керек. Ерітінді тұнбасын дайындау үшін 1 кг
томар дәріні 3 шелек суға салып, 12 күн бойы сақтайды.
Жеңіспиязы. Көбінесе таулы аймақтарда өседі. Бұл өсімдіктің
ауыл шаруашылық дақылдарында кездесетін әртүрлі шірік
ауруларынан қорғауда маңызы зор.
Кәдімгі аир өсімдігі. қөпжылдық өсімдік, ұзындығы 50-120
см. Түптамыры жуан, кеңінен жайылған, жапырақтары ашық
жасыл. Көбінесе су қоймалары мен арық жағалауында кездеседі.
Бұл өсімдіктің тамырын жинап, медицинада әртүрлі нерв жүйесі
ауруына қарсы қолданады.
Спиртке немесе суға еріткен ерітінділерін кәдімгі үй
шыбынына қарсы күресуге қолданады. Пиязға немесе 150 кг
күрішке осы өсімдіктің 1 кг тамырының ұнтағын сепсе, қойма
зиянкестері азайып, күріш таза сақталады . Бұл өсімдіктің
тамырында 82% азорон деген химиялық зат кездеседі.
Медицинада осы затты бөліп алып, масаға, шыбынға қарсы
қолданылатын дәрілер жасап шығарады.
Жалбыз (молочай). Түрі сұрлау келген, ұзындығы 30-70 см
10
аспайтын өсімдік. Кеңінен тараған шөп. Бұл өсімдіктің ерітіндісін
жұлдызқұрттармен күресу үшін қолданады. Басқа инсектицидтік
қасиеті бар өсімдіктерге қарағанда бұл өсімдікті күзде жинап алу
керек. Ерітінді дайындау үшін 4 кг жапырақтарын 10 литр суға
ерітіп, бірнеше күн тұндырып, зиянкес кенелер үймелеген жерге
шашу керек. [17]
Итсигек. Кебінесе топырағы тұзды сор аймақтарда өседі.
Өсімдік бойында антибиотик алколоид болғандықтан өте улы
келеді. Бұл өсімдіктен алынған анабазин-сульфаттан ауыл
шаруашылық дақылдарын зиянкес жәндіктерден қорғайтын
инсектицидтік заттар дайындалады. Олар жұлдызқұртқа, өcімдік
биттеріне, кенелерге қарсы қолданылады.
Өсімдік гүлдемей тұрып жиналады да, көлеңкеде кептіріледі.
Май-июнь айында кептірілген өсімдік құрамында 3% анабазин,
июль-август айларында жиналған өсімдікте 2,50/0, ал сентябрьде
жиналған өсімдік құрамында 1,5% анабазин болады. [18]
Бұл өсімдіктен қолдануға қажетті ерітінді жасау үшін 800 г
шөпті майдалап 1О л суға 24 сағат бұқтырады. Сонан соң дәкемен
сүзіп, аузы тығыз жабылатын ыдысқа құйып, салқын жерде
сақтайды. қолдану алдында 1О л суға ерітіндіні араластырып, оған
30-40 г сабын қосады.
Сарсазан. Өсімдік Қазақстанның құмды аудандарында көп
кездеседі. Құрамындағы алколоид мөлшері өсімдік гүлдеп тұрған
кезде көп болады, ал күзге қарай азайып, өзінің фитонцидтік
күшін жоғалтады. Өсімдіктен фитонцидтік ерітінді жасау үшін
гүлдемей тұрған уақтысында жинап, көлеңкелі жерде кептіреді.
Шөп туралған суды 1-2 сағат қайнатады, оны суытып,
дәкемен сүзеді де алынған ерітіндіні аузы тығыз жабылатын
ыдысқа құйып сақтайды. Қолдану алдында жарты литр ерітіндіні
4 литр суға құйып, әбден араластырады. Оларды әртүрлі
көбелектер, жүлдызқұрттар, жапырақ жегіш қоңыздар, капуста
биті үймелеген жерге бүркіп шашады.
Ақжелкек өсімдігі (хрен). Бақта, огород арасында кеңінен
тараған есімдік. Өсімдік тамырында зиянкес насекомдарға әсер
ететін аіцы заттар болады. Өсімдіктің тамырынан дайындған
ерітіндіні жұлдызқұрттардың түр-түрімен күресуге қолданады.
Ауыл шаруашылық дақылдарына (капуста, картоп) зиян
келтіретін жәндіктерге қарсы (өсімдік биті, капуста көбелегі)
ерітінді жасау үшін 1 кг майда тур алған шөпті 1О литр суға
салып 12 сағат бұқтырады. Қолдану алдында ерітіндіге 20-40 г
сабын қосып, араластырып зиянкестер кеңінен тараған жерге
себелейді. Кей жағдайларда өсімдікті әбден кептіріп, ұнтақтайды,
ондай ұнтақты зақымданған өсімдіктерге шашады.
Кәдімгі помидор. Кеңінен тараған жеміс. Помидордың
жасыл жапырақтарын, сабақтарын, инсектицидтік ерітінді
11
жасауға пайдалануға болады. Мұндай заттар өсімдік битіне,
жұлдызқұртқа қарсы қолданылады. Насекомдарға қарсы
қолданатын тұнба жасау үшін 10 литр суға 4 кг помидор
жапырағы мен сабағын майдалап 30 минут қайнатады. Осыдан
кейін тұнбаны суытып, дәкеменен сүзеді, оған 40 г сабын
қосады. Ал помидор жапырақтарынан ұнтақ дуст жасау ушін 1 О
кг әкке 2 литр помидор жапырақтарынан алынған тұнбаны
қосып кептіреді. Әбден кепкен соң алынған затты өте ұсақ етіп
майдалап, қағаз қаптарға салып жинап қояды. Зиянкес
насекомдар тараған жеміс-жидекке мөлшерлеп шашады.
Картоп. Кең таралған біржылдық өсімдік. Бұл өсімдіктің де
барлық органдарында (жапырағы, сабағы, тамыры) өте улы зат
солонин кездеседі. Солонин шала жетілген түйнектерде де
кездеседі. Өсімдіктің жасыл жапырақтарында оның мөлшері
0,250%, гүлдерінде 0,6-0,70% шамасындай болады. В. Андреев
картоптың жапырағы мен сабақтарынан жасалған тұнбаны
көкөніс дақылдарьrnың зиянкес жәндікітеріне (өсімдік биті,
кенелер) қарсы қолданған. Ол үшін 10 литр суға 1,5 кг көктеп
тұрған картоптың жапырақ сабақтарын майдалап турап, З сағат
суға салып қояды. Содан соң тұнбаны дәкемен сүзіп, алынған
ерітіндіні зиянкестер үймелеген жерге бүркіп шашады. Бұл
кезде өсімдік биті 90 процентке дейін құриды. [20]
Ащы жусан (полынь). Көпжылдық шөп. Бұл шөп
ветеринария саласында да, медицинада да кеңінен қолданылады.
Өсімдіктің жапырақ зиянкестерімен күресуде 1 кг жақсы
кептірілген жусанның сабақтары мен жапырақтарына 10 литр су
қосып, 10-15 минут қайнатады. Инсектицидтік қасиетін күшейту
үшін, ерітіндіге 1 кг кебу тауық көңін қосқан жөн. Егер
зиянкестер тараған өсімдіктерді екі рет осы ерітіндімен себелесе,
жапырақты зиянкестерден дер кезінде сақтап қалуға болады.
Экономикадағы жылыжайдың тиімділігі
Күні кешеге дейін жылыжайда өскен көкөніс десе, көз алдымызға
дәріленген бақша өнімдері елестейтін. Оны денсаулығымызға зияны
бардай көріп, алуға құлқымыз бола бермейтін. Одан гөрі ашық аспан
астында өскен табиғи өнімді алуға ұмтылатынбыз. Сөйтсек, шындығында,
ауа-райының қолайсыздығына тәуелсіз жылыжай шаруашылығы ашық
жермен салыстырғанда сапалы мол өнім алуға кепілдік береді екен.
Әлемдік болжамдар бойынша, үшінші мыңжылдықта дамыған
елдердің ауыл шаруашылығы жабық жылыжайларға ауысады. Дәл қазір
олар осындай әдіспен өнім алу үшін 2 пайызбен 25 жылға дейін ұзақ
мерзімді несиелер беріп, диқандарына барынша қолдау көрсетуде.
Айталық, Голландия 10 мың гектар, Түркия 41 мың гектар, ал аса
қарқынды даму үстіндегі алып Қытай 2 миллионға жуық гектар жерді
12
жабық шатырмен көмкеріп үлгеріпті. Көршіміз Ресей де көштен қалмай, 2
мың гектардан астам жерге жылыжай жасап үлгерді.
Осынау әлемдік озық тәжірибені игеру мақсатында ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен құрылған «Оңтүстік» әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл,
Қызылорда облыстарында алғашқы кезеңде 100 гектар көлеміндегі алқапқа
жоғары технологиялық заманауи жылыжай кешендерін салу жобасын жү-
зеге асыра бастады.
Әлбетте, бастаманың бастаушысы болу – батылдықты, өз ісіне деген
сенімділікті талап етері сөзсіз.
Кеше ғана бос жатқан аңызақ алқаптың бүгін қызылды-жасылды рең алып,
көрген көздің жауын алар жайқала қызанақ өскен бақшаға айналғаны кім-
кімді де таңдандырмай қоймайды.
«Болар істің басына, жақсы келсін қасына» дегендей, ауданы 140 гектардан
астам жерге егілген қызанақ ойдағыдай өсіп, алғашқы өнімін бере бастады.
Төгілген тердің қайтарымына әр гектардан 60 тоннадан өнім аламыз деген
үміт бар.
Жоба бойынша жыл санап көлемі ұлғая түсетін көкөніс алабы
әлемдік озық технологиямен жабдықталған.
Мақсатына жету жолында күн-түн дамыл таппаған дихан
жылыжайдағы бақшаның суару жүйесіне израилдік «тамшылап суару»
әдісін енгізді. Күтіп-баптау жұмысының толық жүйесі осы заманғы
ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделген, үнемі білікті маман-
диқандардың қадағалауында. Томаттың америкалық «пильмах» сорты
өсірілуде… Ол дәмділігі және сырт көрінісінің әсемдігімен ғана
ерекшеленіп қоймай, ұзақ мерзімге сақталатындығымен де
тұтыныушының талғамынан шығады. Ия, әлемге кең тараған тиімді
сорттың әр гектардан түсер өнімі 60 тонна, бірақ, бұл соңғы шек емес,
одан да мол өнім алуға болады.
Сәтті басталған, өркенді болашағына сенім ұялатқан бұл жоба –
еліміздің оңтүстік өңірінде бақша-бау өнімдері кластерін
қалыптастырудың алдағы күні кепіліне айналмақ.
Оған қажетті шарттардың бәрі бар: Мұнда мемлекет қарамағында
игерілмей бос жатқан, егіс егіп, ел қажетін өтейтін жерлер бар, онда еңбек
етер жұмыс қолы жетерлік.
Өзіне тән қиындығымен басталған бастаманың алда тұрған проблемалары
да жетерлік. Келесі жылы егіс көлемін 1000 гектарға жеткізу (оның ішінде
850 гектар көкөніс, ал 150 гектар жеміс-жидек өсіруге арналған бау)
көзделіп отыр. Осылайша, бұл іргелі шаруашылық 2012 жылға дейін 4000
гектарға дейін ұлғаймақ. Осыған орай, жоба бойынша, бақша, бау
өнімдерін өңдейтін өмір талабына сай жаңа технологиялармен
жабдықталған зауыттар салу.
Алдағы уақытта күнделікті 600 тоннадай қызанақ өңдейтін осы заманғы
озық технологиямен жабдықталған зауыт құрылысын салуға итальяндық
Rossі @ Catellі компаниясымен келісім-шарт жасалынды.
13
Ресми мәліметтерге сүйенсек, мүмкіндіктер мол бола тұра, жылыжайларда
көкөніс пен жеміс жидек өсіруге шындап көңіл бөлініп, қолға
алынбағандықтан, өткен жылы Қазақстандағы қолда бар жылыжайларда
2690 тонна ғана көкөніс өндірілді. Бұл – жалпы көкөніс көлемінің небәрі
0,2 пайызы ғана. Ал, көрші Өзбекстан 2007 жылы 76 мың тоннаға жуық
көкөніс пен жеміс-жидекті шетке шығарған.
Бұл жағдай, елімізде көкөніс пен жеміс–жидекке деген сұранысты
(әсіресе, қыс айларында) ұлғайтып, бағаның шарықтауына жол беруде.
– Елбасымыз, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының
Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен жедел қолға алынған бұл өзекті
мәселе, - дейді., – көкөніс-жеміс өнімін сырттан әкелуді азайту, ел
тұрғындарының сұранысын қамтамасыз ету, экспортқа бағытталған өнімді
өндіруде жаңа технологиялар мен жабдықтарды пайдалану арқылы жоғары
сапалы өнімділікке қол жеткіз.
– Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған биылғы жылғы Жолдауында
халықты өзіміз өндіретін отандық сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету –
негізгі міндеттердің бірі екендігін атап көрсетті. Бұл міндетті шешуді ол
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ҰК» акционерлік қоғамына
тапсырды.
Бұл саланы дамытудың Қазақстан үшін маңызы зор. Біріншіден,
жылыжайдан өндірілген өнімдер жыл бойы өзімізді көкөніспен, жеміс–
жидекпен толық қамтамасыз етеді және бағасы арзандайды. Екіншіден,
жұмыссыздық азаяды. Үшіншіден, олардың сапасы шетелден әкелген
өнімнен әлдеқайда жоғары болады. Ауа-райы жайлы оңтүстік облысымыз
үшін жылыжай шаруашылығын дамыту тиімді-ақ.
Мысалы: энергия тапшылығын ескеріп, жылыжайларды қосымша үнем
беретін термалды көздерінде салған тиімді. Сондықтан, қазіргі таңда
жылыжайды Арыс кен орнындағы термалды көздерінде құруды
қарастырудамыз. Бұл арқылы, біз өнімнің бағасын 50 пайызға дейін кеміте
аламыз.
Бұл жаңа жобаның тағы бір айтарлықтай ерекшілігі бар. Ол –
технологиялық процестерді басқару үшін жылыжайда климат–бақылау мен
барлық жүйелерді үйлестіретін бірыңғай автоматтандырылған басқару
жүйесі пайдаланылады. Осы факторлар арқасында өнімділік ұлғайып,
еңбек шығыны төмендейді.
Бұл жобаны іске асыру барысында бірнеше маңызды мәселелерді
жан-жақты әрі тиімді шешуге қол жеткіземіз.
Біздің диқандар көкөніс пен жемістерді өсірудің ресурсты сақтау
технологиясын игереді. Халқымыз экологиялық таза азық-түлікпен
қамтамасыз етіледі. Көкөніспен пен жемістердің сапасына мемлекеттік
бақылау жақсарады.
Биылғы жылы 200-ге таяу маусымдық жұмыс орны ашылды. Ал, 2012
жылға қарай бұл көрсеткіш 1000-ға дейін жетеді деп болжануда. Халықты
шырынмен, қызанақ тосабымен қамтамасыз ететін, балаларға арналған
тамақ өндіру зауыттары іске қосылмақ.
14
Бұл жобаны іске асыруға бірден-бір тиімді жер, облысымыздағы Арыс,
Сайрам аудандары. Өйткені, осы жылыжай құрылысына таяу жерде тоғыз
жолдың төрабы – Арыс, Шымкент стансалары тұр. Оларда солтүстік пен
орталық Қазақстанға теміржол және автокөлікпен тасымалданатын қазіргі
заманғы көкөніс пен жеміс–жидекті сақтау мүмкіндігі бар аймақтық
терминал салуға, сөйтіп, облысымызды көкөніс және жеміс кластерін
қалыптастыруға болады.
Жылыжайлардағы көкөніс дақылдарын өндіру, өсіру жолдары.
Өсімдік организмі өзін қоршаған сыртқы жағдаймен тығыз
байланыста болады. Өсімдіктің өсіп жетілуі ең алдымен оның
жарықпен, сумен, жылылықпен және қоректік заттармен
камтамасыз етілуіне байланысты. Осы факторлардың барлығының
белгілі бір құрамда жеткілікті болуы ғана өсімдіктің өсуіне,
жетілуіне, сөйтіп жақсы өнім беруіне кепіл бола алады.
Өсімдіктердің фитонцидтік және инсектицидтік қасиеті көшен
белгілі. Сол себепті біз Шардара ауданында жиі кездесетін және
қолдануға тиімді фитонцидтік өсімдіктердің бірнеше түрлерін
жылы жайларда кездесетін зиянкестерге қарсы пайдалануды
ұсынамыз.
Окушылардың биология пәнінен алған білімдерін тірі табиғат аясымен
байланыстыра тереңдетуде жылыжайдың қосар үлесі мол.
Жылыжай іргетасы цементпен, қабырғалары мен төбесі әйнектен
жасалған шағын үй.
Жытыжайдың негізгі бағыты - xaлықты дәрумені көп бақша да-
қылдарымен, көкөніспен және оқу үрдісіне қажеттi өсімдіктер өсіру, тірі
ағзалaрдың құпия сырларын ашу.
Жылыжайды көлеңке түспейтін ашық жерде салады. Жеріне бірнеше
қалыңдықта ұсақ тас, кірпіш сынықтарын салады да, оның үстіне бірнеше
қалыңдықта қара топырақ, ағаш үгіндісі, құм, минералды тыңайтқыштар
мен құнарлы қара топырақтар төсейді.
Өсімдіктерге сыртқы ортадан қажет жағдайлардың бірі - жарық.
Жылыжайды жарықпен қамтамасыз ету үшін жетіспеген күн сәулесін
электр шамының жарығымен толықтырады. Өсімдіктерге ең тиімді жарық
қызғылт-сары түсті сәулелер, олар өсімдікте жүретін фотосинтез үрдісін
15
күшейтіп, тез гүлдеуіне жағдай жасайды.
Өсімдіктерді қоректендіру үшін - жылыжай еденіне төселген то-
пырақты ауық-ауық тыңайту керек. Өсімдіктерді су себу, бурку әдіс-
терімен суарады.
Жылыжайда өсімдіктерді экологиялық топ бойынша орналастыруды
естен шығармаған жөн. (Мысалы, құрғақшылыққа төзімділер, бірқалыпты
ылғалдылықта өсетіндер, ылғалды жерде өсетіндер, жарық сүйгіштер,
көлеңкеде өсетіндер т.б.)
Биологтің міндеті - әрбір өсімдіктің қоршаған ортаға қалай бейім-
делетінін терең білу қажет. Жылыжайға дұрыс орналастырса өсімдіктер
ешбір дертке шалдықпай өсіп, ұзақ уақыт тіршілік етеді. Әр өсімдікте
төлқұжат болу керек, онда оның тұқымдасы, туысы, түрі, шыққан жері,
сыртқы ортаға бейімделуі (жарық сүйгіш. көлеңкеге төзімді, ылғал сүйгіш
т.б) көбею жолдары (тұқымымен, жапырағымен, сабағымен, атпаларымен,
тамырсабағымен, түйнектерімен, пиязшығымен, т.б.) жазылады.
Жылыжайда жұмыс жыл бойына жүргізіледі:
- қаңтарда - қыстың нағыз суық айында, көбінесе, өсімдіктерді күту
(бірқалыпты суару, топырағын қопсыту), бақша өсімдіктері тұқым-
дарының шығымдылығын, пиязшық, түйнек, тамырсабақтарының дұрыс
сақталуын тексеріп, арасында бүлініп, шіри бастағандары болса, тазарту,
жылыжайды қосымша жарықтандыру, температурасының
бірқалыптылығын қадағалау, т.б жұмыстар атқарылады;
- ақпан айында бөлме өсімдіктері мен көктемде ауладағы отырғы-
зылатын гүлдердің (бегоня, сальвия, қалампыр т.б) тұқымын сеуіп,
көшетке дайындайды;
16
- наурыз - көктемнің алғашқы айы болғандықтан, өсімдіктерді жаппай
өсімді мүшелерінен көбейту жұмыстары жүргізіледі, бөлме өсімдіктерімен
бірге көшет егу үшін бақша өсімдіктерінің де (бұрыш, баклажан, қызан
т.б.) тұқымын себеді. Көктем ерте шығатын облыстарда бұл жұмысқа ерте
қамданады;
- сәуір айында өсімдіктерді көбейту жұмыстары жалғастырылады.
Бөлме өсімдіктерін бір орыннан екінші орынға көшіріп отырғызу жұмыс-
тары да осы айда жүргізіледі;
- мамыр айында көшеттер мен жұмыс, оларды ашық алаңға отырғызу
басталады;
- маусым айында көшеттердің босаған орнына көп жылдық
өсімдіктерді, қабырғaдағы сөреге бөлме өсімдіктерінің қалемшелерін
отырғызады;
— шілдеде бөлмеде қыстан шыққан өсімдіктердің кейбір түрлерін ашық
алаңға көшіру, бөлмеде қалғандарын тыңайтқыштармен үстеп
қоректендіру, жас өркендерінің топырағын қопсыту, бос қалған жер-лерді
тазарту жұмыстары жүргізіледі:
— тамызда өсімдіктердің тұқымы мен жемісі піскен кейбір түрлерінің
тұқымдарын жинайды. Оларды күту жұмыстары одан әрі жалғастыры-
лады;
— қыркүйекте жылыжайдың жан-жағындағы сөрені бөлме өсім-діктерінен
босатады, топырағын жаңартады, гүлзардағы гүлдеп тұрған өсімдіктердің
тұқым беруі үшін жылыжайға көшіреді:
— қазанда өсімдіктердің түйнектерін, тамырсабақтарын, пиязшық-тарын
қазып алып, сақтауға қояды;
— қарашада қабырғадағы сөреге түрлі бақша өсімдіктерінің (аскөк, қызан,
қияр, пияз т.б.) пиязшығын отырғызып, тұқымдарын себеді.
— желтоқсан айында қарашадағы жұмысты жалғастырады. Жылыжай —
үйірме жұмыстарын жүргізуге өте қолайлы орын.
Мұнда гүл өсірушілер үйірмесіне қатысушылар — гүлдерді күту,
бақша өсімдіктерін өсіру, гүлдердің көшетін өсіру жұмыстарымен
шұғылданады.
17
Оқушылар жылыжайда жұмыс істеу арқылы өсімдіктердің өсуі мен
дамуына бақылау жасап, зерттеу жұмыстарының түрлі әдістерін меңгеруге
мүмкіндік алады. Мысалы, олар "Өсімдіктерден тұқым алу", "Өсімдіктерді
тамырынан көбейту", "Екі жылдық өсімдіктердің даму-ын бақылап,
тұқымын алу", "Бөлме өсімдіктерін жапырағынан көбей-ту, пиязшығынан
көбейту, тамырсабақтарынан көбейту, жапырақ са-бағынан көбейту",
"Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар", "Өсімдіктің өсуі мен дамуына
тыңайтқыштардың әсері" т.б. тақырыпта тәжірибе жұмыстарын жүргізеді.
Оқушы жазда оқу- тәжірибе үлескісінде істеген жұмыстарын қыста
жылыжайда, керісінше жылыжайдағы жұмысты көктемде ашық алаңда
жалғастырады.
Оқушылар өсімдіктің өнуіне кажетті жағдайларды тәжірибе арқылы
біледі. Тұқым өнуі үшін міндетті түрде су, ауа, жылу, жарық қажет.
Жылыжайда бөлме өсімдіктерін ғана емес, бақша өсімдіктерінде
өсіруге болады. Жеміс алу үшін қызан мен қиярды қолдан тозаңданды-
рады. Қазіргі нарық қысқан заманда жылыжайда бақша дақылдарын
көбірек өсіріп, мектеп асханасын көкөніспен қамтамасыз ету шарала-рын
іске асырудың ешбір артықтығы жоқ.
Жылыжай — оқушылардың биология пәніне қызығуын арттырып,
сарамандық іскерліктерін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Тәжірибелік әдістер
Механикалық тәсіл. Бұл тәсілді кебіне жылыжай мен
оранжереяда қолдануға болады. Мұндай тәсілдің негізгі шарты
нематодалар бар топырақты жаңа, таза топырақпен алмастыру.
Алайда бұл тәсілді қолдануға көп күш және қаржы қажет болады.
Физикалық тәсіл. Нематодоз ауруы тараған топырақ ыстық
су буымен өнделіп қыздырылады. Оны көбіне теплицаларда
қолданады. Стационарлық бу жасайтын ыдыстан қосымша 2-3
атмосфералық қысыммен бу түтік арқылы алдын ала топыраққа
көміп қойған металдан не керамикадан жасалған трубаларға
беріледі де топырақ белгілі температураға дейін қыздырылады.
Өсіп тұрған өсімдікті залалдандыру әдісі әлі жете ашылған
жоқ. Соңғы уақытта топырақтағы гама нематодасының
личинкаларын өлтіру үшін электр тогы пайдаланылып жүр.
Шетел ғалымдарының мәліметтері бойынша, топырақ пен
суда гама нематодасын құрту үшін қарапайым индукция
катушкасының аралығында орналасқан электродтардың әсерімен
пайда болған электр өрісінің соғуын қолдануға болады.
Біздің елімізде жылыжайлардың топырағын паразиттерден
Электр тогының жәрдемімен тазарту жөнінде жақсы нәтижелерге
18
қол жетті.
Биологиялық тәсіл. Практикада аз қолданылады. Дегенмен
бұл тәсілдің басқаларға қарағанда артықшылығы бар. Оның
зиянкестерге профилактикалық әсері күшті және оны қолдану
жолы арзанға түседі. Дадингтонның (1959), Сопруновтың
(1958) және Парамоновтың (1954) зерттеулері көрсеткеніндей,
нематодаларды жыртқыш саңырауқұлақтар, кейбір бактериялар
жойып жібереді. Осындай қасиеті бар саңырауқұлақтарды
гельминтофаттар деп атайды. Бұл шараны қолдану жолын
тапқан микролог М. С. Воронин еді. Оның анықтауы бойынша
саңырауқұлақтар өзінің жіпшелері арқылы нематодаларды
ұстайды. Кейінірек бұл тәсілдің артықшылығы айқындала түсті
және жетілдірілді.
Жыртқыш саңырауқұлақтың таза культурасын алу үшін
споралар мен мицелийлерді жүгері жармасынан дайындалған
арзан қоректік ортада өсіруге болады. қоректік орта автоклавта
120 градус температурада бір сағат бойы ұсталса кұрттан
тазарады. Осыдан кейін автоклавтан шыққан ыдыстардағы
субстраттар суыған кезде түйіршіктер пайда болмау үшін,
оларды бірнеше рет сілку қажет. Жыртқыш саңырауқұлақ
споралары мен мицелийлері 150 грамдық шприцке жиналады.
Әр ыдысқа шамамен оның 15-20 мл спорасы салынады.
Ішінде жыртқыш саңырауқұлағы бар ыдыстар температурасы
25-30 градус термостатта сақталады. Көп ұзамай
саңырауқұлақтар өсіп, споралар пайда бола бастайды.
Саңырауқұлақтар жетілген уақытта ыдысы ашылады да, ашық
ауада не үйде кептіріледі. Жақсы кептірілген 1 грамм ақ
ұнтақтың құрамында 1,5 миллион спора болады. Жыртқыш
саңырауқұлақ препараттары құрғақ жерде қалталарда немесе
жәшіктерде сақталады.
Химиялық әдіс. Мелоидогиноз ауруына қарсы
19
қолданылатын химиялық препараттар әр түрлі жоне оған
байланысты қолдану тәсілдері де өзгеше келеді, қазіргі кезде
жұмыр құрт әрекетінен туатын нематодоз ауруына қарсы
карбатион, тиазон, фумигант 93 препараттары жатады.
Химиялық препараттарды қолданғаннан кейін де жұмыртқа-
лардан кенелер өсіп шыға алады.
Өсімдікті ересек кенелермен қатар личинкалары да
зақымдайды. Олар жапырақтың астыңғы бетіне орналасып алып,
оның шырынын сорады. Зақымданған жапырақтар сарғайып, қурап
қалады. Онан соң личинкадан өсіп шыққан кенелер басқа көрші
жапырақтарға ауысады. Кенелер бір жерден екінші жерге
жылыжайларда жұмыс істеп жүрген адамдардың киіміне
жабысып та көше алады.
Помидордың аурулары және зиянкестері қарамойнақ ауруы.
Бұл ауру кебінесе помидор өсетін ортаның қолайсыздығынан
туады. Қоректік заттар жетіспеген,
әлсіреген өсімдіктерге неше түрлі ауру қоздыратын микро-
организмдер әуес келеді. Айтылған аурудың пайда болуына
ризоктония соланий саңырауқұлағы себеп болады. Көбінесе
ризактониоз жаңадан отырғызылған көшеттерге тән ауру.
қөбінесе аурудың кең таралуына теплицадағы температураның
бұзылуы, ылғалдың артуы, өсімдіктердің өте тығыз отырғызылуы
себеп болады.
Бұл аурудың әуелгі белгісі апрельдің аяғы, майдың басында
байқалады. Ауру өсімдіктердің түп тамыры қарайып, тамыр
сабағы жіңішкеріп, сола бастайды. Аурудың ұлғаюына
байланысты өсімдік біртіндеп солып, кейіннен шіріп кетеді.
Осындай ауруды қоздыруда басқа да саңырауқұлақтардың
зиянкестігі айтарлықтай. Ондай зиянкестерге алтернария,
фузариум, путиум тектес саңырауқұлақтар жатады. Осы аталған
ауру қоздырғыштар топырақта тіршілік етеді. Бұл
саңырауқұлақтардың субстраттағы мицелийлері күңгірт жасыл,
қара-қошқыл реңді болады. қонидиялары көлденең және тік
перделерімен бөлініп, сағақтарда тізбектеліп орналасады.
Олардың пішіндері алмұрт тәрізді сопақтау болады.
Жылыжайларда, парниктерде топырақты ыстық, бумен
қыздырып булайды, жылыжайлардың ішін желдетіп отыру және
температурасының шамадан тыс жоғарылап немесе төмендеп
20
кетпеуін қадағалап отыру керек.
Зеңді шірік. Бұл ауруды ботритис пинера саңырауқұлағы
қоздырады. Помидор жапырағы жиектерінде қоңыр түсті үлкен
дақтар пайда болады да, ол жерден үлпілдеген сұр түсті
саңырауқүлақ ұрықтары шашылады. Помидордың жемісінде де
осындай сұр дақтар,ал ұлғая келе күйікке ұқсас қара дақ пайда
болады.
Саңырауқұлақтар қоздыратын қияр аурулары.
Қиярдың тамыр шірігі. Бұл ауруды қоздырғыш
саңырауқұлақтар Факультеттік паразитгер фузариум туысына
жатады. Фузариум туысына жататын саңырауқұлақтар топырақта
және өсімдік қалдықтарында сапрофитгі тіршілік етуге
бейімделген. Сонымен қатар олар белгілі бір қолайсыз
жағдайлардың әсеріен әлсіреген немесе механикалық жараланған
өсімдік органдарында жартылай (полупаразит) паразиттік
тіршілік етіп, оларды зақымдайды. Фузариум
саңырауқұлақтарының тіршілік циклында конидияаы спора түзу
үлкен орын алады. Олар микроконидия және макроконидия
дейтін екі түрге бөлінеді. Біріншілерінің пішіні орақ тәріздес
немесе жаңа туған ай тәріздес келеді және олар көлденең перде-
лермен бірнеше клеткаға белінеді. Микроконидиялардың пішіні
шар, жұмыртқа, эллипс, алмұрт тәрізді болып келеді. Қоршаған
ортаның қолайсыздығынан фузариум саңырауқұлақтары
хламидоспора және склероций деп аталатын бөліктер түзеді.
Склероцийлер қолайсыз кезде ұзақ уақыт бойы тыныштық қа-
лыпқа кешіп, тіршілігі үшін өте қауіпті теменгі және жоғарғы
температураны немесе құрғақшылықты басынан өткізеді. Қияр
тамырларының шірік ауруға ұшырауына фузариум саңы-
рауқұлақтарының бірнеше түрі себеп болады.
Олар өсімдік организмінде су мен қоректік заттар жүретін
тутік талшықтарын зақымдайды. Зақымданған қияр
тамырларының іші қуыстанып, онда саңырауқұлақтың
мицелийлері мен споралары түзіледі. Ауруға шалдыққан
өсімдіктердің жапырақтары солады, тамырлары қараяды.
қиярдың тамыр шірігі ауруының тарауына тұқымды күн салқын
күзде отырғызу (жылылық 200
С шамасынан төмен кезде
отырғызу, ылғалдың көптігі 90 % мөлшерінен жоғары болуы),
тұқымды терең егу, өсімдікті салқын сумен суғару себеп болады.
21
Мұндай ауруға ұшыраған өсімдіктердің тамыры қарайып, сабағы
жіңішкереді де, көп ұзамай өсімдік мүлдем солып қалады. Ауа
райының құбылмалылығы да тамыршірік ауруының дамуына
қолайлы болады. [3]
Қиярдың солуы. Кейбір жағдайда қияр есімдігінің өзінен-өзі
салып қалғаны байқалады. Мұндай жағдай ауа райының
қолайсыздығынан, керекті тыңайтқыштардың жетіспеуінен,
дұрыс суарылмауынан, температура режимінің бұзылуынан
болады. Агротехникалық шаралар дұрыс қолданылған
шаруашылықтарда қияр өсімдігінің солуы байқалмайды.
жағдайда өciмдiк нематодоз ауруына аз шалдығады.
22
Қорытынды.
Республикамызда Егемендікке қол жеткізгеннен кейін,
халқымыздың тұрмыс дәрежесін жоғары көтеру үшін, бірнеше жоспарлар
жүзеге асырылуда, соның ішінде Шардара ауданы көкініс дақылдарын
өсіру үшін табиғатты қолайлы болғандықтан келешекте жылыжайларда
өсірілетін көкөніс өсімдіктерін өсіру кең көлемде қолға алынбақ Бірақ
жылыжайларда өсірілетін көкөніс өсімдіктерінің зиянкестермен күресу
және олардың түрлерін анықтау үшін Шардара ауданында зерттеу
жұмыстары аз жүргізілді. Осыған байланысты біз алдымызға мынадай
мақсат пен міндет қойдық:
1.Шардара ауданындағы жылыжайларда өсірілетін көкөніс
өсімдіктерінде тіршілік ететін зиянкестердің негізгі түрлеріне сипаттама
жасау.
2.Жылыжайларда өсірілетін көкөніс өсімдіктерінде тіршілік ететін
зиянкестерге қарсы фитонциттермен күресу шараларын ұйымдастыру.
Осы алға қойған мақсатқа жету үшін "Мақта"ғылыми зерттеу
инистутының "Энтомология" бөлімімен және биолабороториялармен тығыз
байланыста бола отырып, біз тәжірибелерімізді Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шардара ауданында өткіздік.
Тәжірибе барысында әр түрлі шараларды қарастырдық. Солардың бірі
жылыжайларда өсірілетін көкөністерді алдын ала сақтандыру. Сондай-ақ біз
атқарған тәжірибемізде Шардара ауданыңда жиі кездесетін фитонцидті
өсімдіктерді (кәдімгі пияз, сасық пияз, адыраспан, меңдуана, сасық
23
меңдуана, кәдімгі помидор, картоп, түймедақ) тиімді пайдалану арқылы
жер иелерінің мол өнімге қол жеткізу үшін пайдалануды ұсынамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік.
Биология. Алматы «Рауан» 2000.
2. Чевышева Н.Б. Биология. Жаңа анықтама 2007.
3. Ивашенко А. «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы»
-Алматы. «Кітап» 2007.
4. Илюхин Г.П., Р.Корбозова, Р.Жаймурзина Введение в биологию.
Москва.; Мир, 1987.
5. Паромонов Г.С., Сапронов В., Воронин М.С. Основы биологии.
Книга для самообразования. Москва.; Просвещение, 1981.
6. Медников Б.Н. Биология: Формы и уровни жизни. Москва.;
Просвещение, 1984.
7. Жылыжайдағы жұмыстар. Әдістемелік журнал. Алматы 2010.
24

More Related Content

Similar to 24erwerrewr

Natural natural tabigat priroda sooool osy
Natural natural tabigat priroda sooool osyNatural natural tabigat priroda sooool osy
Natural natural tabigat priroda sooool osymraxatov2000
 
керімбек е., қосмырза а. кроссворд
керімбек е., қосмырза а. кроссвордкерімбек е., қосмырза а. кроссворд
керімбек е., қосмырза а. кроссвордoquzaman
 
экология14
экология14экология14
экология14ssuserb7c568
 
5445rtretrtersss
5445rtretrtersss5445rtretrtersss
5445rtretrtersssnurlan93kz
 

Similar to 24erwerrewr (6)

рекомендация сафлор
рекомендация сафлоррекомендация сафлор
рекомендация сафлор
 
Natural natural tabigat priroda sooool osy
Natural natural tabigat priroda sooool osyNatural natural tabigat priroda sooool osy
Natural natural tabigat priroda sooool osy
 
Өсімдіктердің тыныс алуы
Өсімдіктердің    тыныс алуы Өсімдіктердің    тыныс алуы
Өсімдіктердің тыныс алуы
 
керімбек е., қосмырза а. кроссворд
керімбек е., қосмырза а. кроссвордкерімбек е., қосмырза а. кроссворд
керімбек е., қосмырза а. кроссворд
 
экология14
экология14экология14
экология14
 
5445rtretrtersss
5445rtretrtersss5445rtretrtersss
5445rtretrtersss
 

More from nurlan93kz

2086ваывауа
2086ваывауа2086ваывауа
2086ваывауаnurlan93kz
 
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxxnurlan93kz
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsdsnurlan93kz
 
2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВnurlan93kz
 
2049sadfadadas
2049sadfadadas2049sadfadadas
2049sadfadadasnurlan93kz
 
2030цуцуцуц
2030цуцуцуц2030цуцуцуц
2030цуцуцуцnurlan93kz
 
2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsdnurlan93kz
 
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПРnurlan93kz
 
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБnurlan93kz
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььоооnurlan93kz
 
2024хдлдбюд
2024хдлдбюд2024хдлдбюд
2024хдлдбюдnurlan93kz
 
2023ывывывы
2023ывывывы2023ывывывы
2023ывывывыnurlan93kz
 
2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц2021цуцуцуццц
2021цуцуцуцццnurlan93kz
 

More from nurlan93kz (20)

2086ваывауа
2086ваывауа2086ваывауа
2086ваывауа
 
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
 
2055sddsadsd
2055sddsadsd2055sddsadsd
2055sddsadsd
 
2053xczcxc
2053xczcxc2053xczcxc
2053xczcxc
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds
 
2051fdfdfd
2051fdfdfd2051fdfdfd
2051fdfdfd
 
2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ
 
2049sadfadadas
2049sadfadadas2049sadfadadas
2049sadfadadas
 
2048dfsfdsf
2048dfsfdsf2048dfsfdsf
2048dfsfdsf
 
2047dsdsdsd
2047dsdsdsd2047dsdsdsd
2047dsdsdsd
 
2046dsfsdfd
2046dsfsdfd2046dsfsdfd
2046dsfsdfd
 
2045erwerer
2045erwerer2045erwerer
2045erwerer
 
2030цуцуцуц
2030цуцуцуц2030цуцуцуц
2030цуцуцуц
 
2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd
 
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
 
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
 
2024хдлдбюд
2024хдлдбюд2024хдлдбюд
2024хдлдбюд
 
2023ывывывы
2023ывывывы2023ывывывы
2023ывывывы
 
2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц
 

24erwerrewr

  • 1. аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігіҚ қ ә Ғ О т стік аза стан облысың ү Қ қ Шардара ауданы А.Иманов атында ы жалпы орта мектепғ Та ырыбы:қ Сыныбы: 10а. Орындаған: Мырзаев Адилхан Абдикерімұлы. Жетекшісі: Арзықұлова Жансұлу Көркембайқызы. 1
  • 2. 2013-2014 о у жылық Қазақстан Республикасы оқушыларының кіші Ғылыми академиясы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы А.Иманов атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі Бөлімі: Орындаушы оқушы: Қала,аудан: Аты-жөні: Жетекшісі: Флора экологиясы 10а-сынып. А.Иманов атындағы жалпы орта мектебі Шардара қаласы Мырзаев Адилхан Абдикерімұлы. Арзықұлова Жансұлу Көркембайқызы. 2
  • 3. Мазмұны № Тақырыптың аты Беті 1 2 3 4 5 6 7 Кіріспе Өсімдік ауруларына қарсы пайдаланатын фитонциттердің түрлері. Экономикадағы жылыжайдың тиімділігі. Негізгі бөлім Жылыжайлардағы көкөніс дақылдарын өндіру, өсіру жолдары. Тәжірибе әдістері. Помидордың аурулары және зиянкестері қарамойнақ ауруы. Саңырауқұлақтар қоздыратын қияр аурулары. Қорытынды Әдебиеттер тізімі 8 9 12 15 18 20 21 23 24 3
  • 4. Аннотация Ғылыми жұмыста жылыжайлардағы өсірілетін көкөніс дақылдарын өсіру әдістемелеріне, өсімдік ауруларына қарсы пайдаланатын фитонциттердің (ұшпа заттардың) түрлеріне, әкономикадағы тиімділігіне және тәжірибелік әдістерінің мол екенін тұжұрымдаған. Жылыжайдағы бақша дақылдарын өсіріп,оның сапасын жақсартуда, өнімді көбейтуге жарық пен ыстықтың мол болуына кең көлемде жағдай жасалғаны туралы жазылған. Жылыжайдағы жұмыстардың ұйымдастырылуы, зиянкестердін түрлеріне, құрамына, биологиялық, агротехникалық, химиялық әдістеріне бақылау жасап, зерттеу жұмыстарының түрлі әдістерін кең қолдануға болатыны ғылыми жұмыста негізделген. 4
  • 5. «Жылы жайлардағы көкөніс дақылдарын өндіру,өсіру жолдары» тақырыбына жазылған А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінің 10а сынып оқушысы Адилхан Мырзаевтың кіші ғылыми зерттеу жүмысына РЕЦЕНЗИЯ Пән оқытушысы Ж.Арзықұлова жетекшілігімен жүргізілген оқушының кіші ғылыми зерттеу жұмысы, жылыжайларда өсірілетін көкөніс дақылдарын өсіру эдістемесіне сипаттама беру және жылыжайларда бақша дақылдарын көбірек өсіріп,тек мектеп асханасы ғана емес, сонымен бірге ауылдық жерлерде, қыста да көкөніспен қамтамасыз ету шараларының манызын ашу мәселелеріне арналған. Өсімдіктерге сыртқы ортадан қажет жағдайлардың бірі - жарық. Қазақстанда күн сәулесінің өте көп мөлшерде түсетін орталықтарының бірі Шардара ауданы болып табылады. Сол себепті жылыжайларды Шардара ауданында салу және оларды пайдалану аса тиімді болып табылады. Оқушылар жылыжайда жұмыс істеу арқылы өсімдіктердің өсуі мен дамуына бақылау жасап, зерттеу жұмыстарының түрлі әдістерін меңгеруге мүмкіндік алады. Осы мәселеге оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында ерекше мән беріп, ғылыми фактілерді тілге тиек ете отырып, орасан мол шолу материалдарын келтіреді. Жұмыстың негізгі шолу бөлімінде А. Мырзаев жылыжайларда көкөніс дақылдарын өсіру әдістемелеріне тоқталып, пайдалы кеңестер келтіреді. Сонымен бірге ауылдық жерлерде өсруге тиімді өнім алу үшін қызанақ пен қиярды қолдан тозаңдандырудың маңызы, ғылыми зерттеу жұмысында кең көрініс тапқан. А. Мырзаевтың жасаған тұжырымдарының барлығы өз зерттеулерінен туындаған және көңілге қонарлық. Сондықтан да бұл ғылыми жұмыс оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарының ішінде үздік орындардан көрінуге лайық деп санаймын. Рецензент: «Сырдария» университеті биология кафедрасының доценті Р.А.Кошкаров. 5
  • 6. Пікір А. Иманов атындағы жалпы орта мектебінің 10а-сынып оқушысы Мырзаев Адилхан өзінің ғылыми жұмыстарында Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы жылыжайларда өсірілетін көкөніс өсімдіктерінде тіршілік ететін зиянкестердің негізгі түрлеріне, өсіру, өндіру жолдарына толық сипаттама жасаған. Жұмысты жазуда химия, биология, энтомологиялық ғылымдарының кейбір теориялық-практикалық мәселелері жөнінде жазылған Болғанбаев, А. Серғазиев, Б. Қалымбетов, Ә. Тілменбаев, Г.Ә.Жармұханмедова, Ж. Айтбаев, А. Жанұзақов, Б. Байматаева т.б. ғалымдардың зерттеулері аталмыш жұмыстың ғылыми-теориялық негізі болып табылады. Экономикадағы жылыжай жұмыстарының тиімділігін нақты көрсеткіштермен әр қырынан жеткізе білген. Жұмыстың ерекшелігі: Көкөніс өсімдіктерінің зиянкестерінің түрлеріне, зиянкестермен күресуде, биологиялық әдістің тиімділігін оқушы өз ғылыми жұмысында нақты дәлелдемелермен ұштастыра білген. Оқушы көп ізденіп қызанақтың аурулары және саңырауқұлақтар қоздыратын қияр ауруларын, жылыжайлар туралы қызықты материалдар, шығу тегі бойынша ғылыми деректер жинақтаған. Елді мекен орналасқан жердің топырағы әр түрлі себептерге байланысты сортаң әрі жұтаң, суы ащы. Сондықтан осы топырақтың бақша өсіруге тиімді қасиеттерін зерттеп, өңдеуде оқушы зор ізденіспен айналысқан. А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінің химия-биология пән мұғалімі: Ж.Арзықұлова. 6
  • 7. Жоспар І. Кіріспе А) Өсімдік ауруларына қарсы пайдаланатын фитонциттердің түрлері. Ә) Экономикадағы жылыжайдың тиімділігі. ІІ. Негізгі бөлім А) Жылыжайлардағы көкөніс дақылдарын өндіру, өсіру жолдары. Ә) Тәжірибе әдістері. ІІІ. Қорытынды 7
  • 8. Кіріспе Жұмыстын өзектілігі. Жеміс-жидек және көкөніс өнімін асыруда, өнім сапасын жақсылауда, өнімді көбейтуге өсімдік зиянкестері және ауруларына қарсы күрес аса маңызға ие. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы жылыжайларда өсірілетін көкініс дақылдарының дамып өсуі үшін өте қолайлы табиғи ауа- райына ие. Сонымен қатар ұзақ вегетация дәуірі, жарық және ыстықтың мол болуы зиянкестердің және аурулардың тез дамып жетілуіне себепші болады. Осы қолайлы жағдайлардың арқасында жылыжайларда өсірілетін көкініс дақылдарына зиянкестер және өсімдік аурулары үлкен зиян келтіреді. Сол себепті жылыжайларда өсірілетін көкініс өсімдіктерін қорғау және оны жүзеге асыру үшін зиянкестердің негізгі түрлерін ажырата білуіміз керек. Шардара ауданыңда түрлі ауыл шаруашылық егіндермен бірге жылыжайларда өсірілетін көкініс дақылдарының дамуына кең жол ашылуда. Шардара ауданы көкініс дақылдарын өсіру үшін табиғатты қолайлы болғандықтан келешекте жылыжайларда өсірілетін көкөніс өсімдіктерін өсіру кең көлемде қолға алынбақ. Бірақ жылыжайларда өсірілетін көкөніс өсімдіктерінің зиянкестермен күресу және олардың түрлерін анықтау үшін Шардара ауданында зерттеу жұмыстары аз жүргізілді. Осыған байланысты біз алдымызға мынадай мақсат пен міндет қойдық: Зерттеу жұмыстары Оңтүстік қазақстан облысының Шардара ауданында 2010 -2011 жылдары жүргізілді. Мырзашөл өңірі үлкен тегістікті алып жатыр. Оның солтүстік және шығыс жақтарын Сырдария ағымының ертедегі су ағымы, оңтүстік жақтары Түркістан тауларынан басталады. Мырзашөл өңірі тегіс болғанымен оның рельефінде үлкен ойпандар бар. (Арнасай,Жетісай,Шардара).Мырзашөл өңірінің жалпы жер көлемі бір миллион гектар жер.Біз зерттеу жүргізген Шардара ауданы осы өңірдін батыс Бөлімінде орналасқан. Мырзашөл аймағы өсімдік зиянкестерінің көптеп кездесетінімен ерекшеленіп тұрады. А.Н. Сурковтың (1960) мәліметеріне қарағанда Мырзашөл өңірінің ауа-райы жағдайы зиянкестің өмір сүру жағдайына қолайлы, себебі бұл жерде қыс айларының жылы келуі мен және көктем айларында ( наурыз, сәуір) жауын-шашынның болуы мен байланысты. 8
  • 9. Шардара ауданыңдағы жылыжайларда өсірілетін көкөніс дақылдарының зиянкестеріне қарсы фитонцидтер практикада аз қолданылады. Дегенмен бұл тәсілдің басқаларға қарағанда артықшылығы бар. Оның зиянкестерге профилактикалық әсері күшті және оны қолдану жолы арзанға түседі. М.Якобсоның (1958) және Парамоновтың (1954) зерттеулері көрсеткеніндей, зиянкестерді фитонцидтер жойып жібереді. Өсімдік ауруларына қарсы пайдаланатын фитонцидтердің түрлері. Өсімдікті аурудан, неше түры зиянкес жәндіктерден қорғауда химиялық препараттардың мәні зор. Дегенмен соңғы кездері табиғатты қорғауға байланысты ғалымдар дақыл өнімін сақтай отырып, ауру туғызғыш микробтарға, зиянкестерге қарсы биологиялық күресу тәсілін өркендетті. Химиялық тәсілдің ең басты кемшілігі ол тек қана ауру тудырғыш организмдерді немесе өсімдік зиянкестерін ғана жоймай, сонымен қатар өсімдіктің өніп-жетілуіне пайдалы организмдер мен насекомдарды да жойып жібереді. Онымен бірге әртүрлі химиялық препараттар өсімдіктің өніміне де және оның сапасына да кері әсер етеді. Сондықтан химиялық заттарды қолданбас үшін өсімдіктердің фитонцидтік қасиеттерін пайдаланған жөн. Фитонцидтік өсімдіктер табиғатта көп кездеседі. Мұндай өсімдіктердің құрамында әртүрлі алколоидтар, гликозидтер, сапонидтер, күрделі эфир, эфирлік майлар болады. Мұндай заттардың сапасы және мөлшері оның өсіп тұрған ортасына байланысты болады. Тағы бір айта кететін жағдай, өсімдіктерді жинағанда оның өсу фазаларын ескеру керек. Ондай фитонцидті өсімдіктерді кей кезде ерте көктемде немесе күзде гүлдеп тұрғанда жинау керек. Бұл өсімдіктерді күн ашық, ауа құрғақ, жаңбыр жоқ күндері жинайды. Жапырағы қарайған, ауруға шалдыққан, салған шөптерді жинаудың қажеті жоқ. Өсімдікті жинап ала салысымен көп кешіктірмей, көлеңкеде кептіру керек. Жиналған өсімдіктерді жіп керіп жаяды, немесе торға тегіс жайып кептіреді. кептірілген өсімдікті қағаз қаптарға салып, құрғақ жерде сақтаған жөн. [15] Кептірілген фитонцидтік немесе инсектицидтік қасиеті бар өсімдікті майдалап, електен өткізеді де, жарыққа тигізбей сақтайды. Шөптердің ерітінділерін қолданған жағдайда майдалап туралған өсімдік ұнтағын қайнатып, сузеді де тұнбасын шыны ыдыстарға құйып қояды. Мұндай дайындалған ерітіндіні 1-2 ай ғана сақтауға болады. Ерітіндіні егісті қорғауда қолданғанда оны жай сумен араластырып, белгілі бір концентрацияда 9
  • 10. пайдаланады. көбінесе мұндай шөптердің ерітінділеріне көк сабын ерітіндісін қосқан жөн. Ол ерітіндінің фитонцидтік немесе инсектицидтік қасиетінің ұзақ сақталуына себеп болады. Ауру тудырғыш микробтарды немесе зиянкес жәндіктерді жоюда қолданылатын өсімдіктердің адам организміне тікелей зияндығын ұмытпау керек. Сондықтан мұндай өсімдіктерді жинарда, әртүрлі ұнтақ немесе ерітінді даярлауда сақ болып, жұмысты арнаулы киім киіп істеу керек. Өсімдіктердің фитонцидтік және инсектицидтік қасиеті көптен белгілі. Мәселен егер сарымсақты картоппен бірге ұстаса картоптың фитофтороз ауруы ұлғаяды. Кейбір фитонцидтер топырақтағы өсімдік тұқымдарының өспеуіне де себеп болады. Мәселен жусанның жапырағы топталған жерде жалбыз немесе зере (тмин) өсімдіктері өспей қалады. Көптеген өсімдіктер помидордың рак ауруынан сақтануына себеп болады Өсімдіктердің осы қасиетін тексеруде ғалым М. Якобсон (1958) инсектицидтік қасиеті бар 3000 өсімдікті тексерді.Нәтижесінде олардың көбінің зиянкес жәндіктерге қарсы қолдануға болатынын анықтады Осындай фитонцидтік және инсектицидтік қасиеті бар кей өсімдіктерге көңіл бөлейік. [16] Томар дәрі (чемерица). қөпжылдық өсімдік. Сабағы үш қырлы, биіктігі 40 см. Бұл өсімдік помидор өсімдігін өсімдік битінен және фитофтора ауруынан қорғайды. Ол үшін помидор өсіп тұрған yaқыттa томар дәрінің ерітінді тұнбасымен 2 рет, 10-15 кун аралатып себелеу керек. Ерітінді тұнбасын дайындау үшін 1 кг томар дәріні 3 шелек суға салып, 12 күн бойы сақтайды. Жеңіспиязы. Көбінесе таулы аймақтарда өседі. Бұл өсімдіктің ауыл шаруашылық дақылдарында кездесетін әртүрлі шірік ауруларынан қорғауда маңызы зор. Кәдімгі аир өсімдігі. қөпжылдық өсімдік, ұзындығы 50-120 см. Түптамыры жуан, кеңінен жайылған, жапырақтары ашық жасыл. Көбінесе су қоймалары мен арық жағалауында кездеседі. Бұл өсімдіктің тамырын жинап, медицинада әртүрлі нерв жүйесі ауруына қарсы қолданады. Спиртке немесе суға еріткен ерітінділерін кәдімгі үй шыбынына қарсы күресуге қолданады. Пиязға немесе 150 кг күрішке осы өсімдіктің 1 кг тамырының ұнтағын сепсе, қойма зиянкестері азайып, күріш таза сақталады . Бұл өсімдіктің тамырында 82% азорон деген химиялық зат кездеседі. Медицинада осы затты бөліп алып, масаға, шыбынға қарсы қолданылатын дәрілер жасап шығарады. Жалбыз (молочай). Түрі сұрлау келген, ұзындығы 30-70 см 10
  • 11. аспайтын өсімдік. Кеңінен тараған шөп. Бұл өсімдіктің ерітіндісін жұлдызқұрттармен күресу үшін қолданады. Басқа инсектицидтік қасиеті бар өсімдіктерге қарағанда бұл өсімдікті күзде жинап алу керек. Ерітінді дайындау үшін 4 кг жапырақтарын 10 литр суға ерітіп, бірнеше күн тұндырып, зиянкес кенелер үймелеген жерге шашу керек. [17] Итсигек. Кебінесе топырағы тұзды сор аймақтарда өседі. Өсімдік бойында антибиотик алколоид болғандықтан өте улы келеді. Бұл өсімдіктен алынған анабазин-сульфаттан ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкес жәндіктерден қорғайтын инсектицидтік заттар дайындалады. Олар жұлдызқұртқа, өcімдік биттеріне, кенелерге қарсы қолданылады. Өсімдік гүлдемей тұрып жиналады да, көлеңкеде кептіріледі. Май-июнь айында кептірілген өсімдік құрамында 3% анабазин, июль-август айларында жиналған өсімдікте 2,50/0, ал сентябрьде жиналған өсімдік құрамында 1,5% анабазин болады. [18] Бұл өсімдіктен қолдануға қажетті ерітінді жасау үшін 800 г шөпті майдалап 1О л суға 24 сағат бұқтырады. Сонан соң дәкемен сүзіп, аузы тығыз жабылатын ыдысқа құйып, салқын жерде сақтайды. қолдану алдында 1О л суға ерітіндіні араластырып, оған 30-40 г сабын қосады. Сарсазан. Өсімдік Қазақстанның құмды аудандарында көп кездеседі. Құрамындағы алколоид мөлшері өсімдік гүлдеп тұрған кезде көп болады, ал күзге қарай азайып, өзінің фитонцидтік күшін жоғалтады. Өсімдіктен фитонцидтік ерітінді жасау үшін гүлдемей тұрған уақтысында жинап, көлеңкелі жерде кептіреді. Шөп туралған суды 1-2 сағат қайнатады, оны суытып, дәкемен сүзеді де алынған ерітіндіні аузы тығыз жабылатын ыдысқа құйып сақтайды. Қолдану алдында жарты литр ерітіндіні 4 литр суға құйып, әбден араластырады. Оларды әртүрлі көбелектер, жүлдызқұрттар, жапырақ жегіш қоңыздар, капуста биті үймелеген жерге бүркіп шашады. Ақжелкек өсімдігі (хрен). Бақта, огород арасында кеңінен тараған есімдік. Өсімдік тамырында зиянкес насекомдарға әсер ететін аіцы заттар болады. Өсімдіктің тамырынан дайындған ерітіндіні жұлдызқұрттардың түр-түрімен күресуге қолданады. Ауыл шаруашылық дақылдарына (капуста, картоп) зиян келтіретін жәндіктерге қарсы (өсімдік биті, капуста көбелегі) ерітінді жасау үшін 1 кг майда тур алған шөпті 1О литр суға салып 12 сағат бұқтырады. Қолдану алдында ерітіндіге 20-40 г сабын қосып, араластырып зиянкестер кеңінен тараған жерге себелейді. Кей жағдайларда өсімдікті әбден кептіріп, ұнтақтайды, ондай ұнтақты зақымданған өсімдіктерге шашады. Кәдімгі помидор. Кеңінен тараған жеміс. Помидордың жасыл жапырақтарын, сабақтарын, инсектицидтік ерітінді 11
  • 12. жасауға пайдалануға болады. Мұндай заттар өсімдік битіне, жұлдызқұртқа қарсы қолданылады. Насекомдарға қарсы қолданатын тұнба жасау үшін 10 литр суға 4 кг помидор жапырағы мен сабағын майдалап 30 минут қайнатады. Осыдан кейін тұнбаны суытып, дәкеменен сүзеді, оған 40 г сабын қосады. Ал помидор жапырақтарынан ұнтақ дуст жасау ушін 1 О кг әкке 2 литр помидор жапырақтарынан алынған тұнбаны қосып кептіреді. Әбден кепкен соң алынған затты өте ұсақ етіп майдалап, қағаз қаптарға салып жинап қояды. Зиянкес насекомдар тараған жеміс-жидекке мөлшерлеп шашады. Картоп. Кең таралған біржылдық өсімдік. Бұл өсімдіктің де барлық органдарында (жапырағы, сабағы, тамыры) өте улы зат солонин кездеседі. Солонин шала жетілген түйнектерде де кездеседі. Өсімдіктің жасыл жапырақтарында оның мөлшері 0,250%, гүлдерінде 0,6-0,70% шамасындай болады. В. Андреев картоптың жапырағы мен сабақтарынан жасалған тұнбаны көкөніс дақылдарьrnың зиянкес жәндікітеріне (өсімдік биті, кенелер) қарсы қолданған. Ол үшін 10 литр суға 1,5 кг көктеп тұрған картоптың жапырақ сабақтарын майдалап турап, З сағат суға салып қояды. Содан соң тұнбаны дәкемен сүзіп, алынған ерітіндіні зиянкестер үймелеген жерге бүркіп шашады. Бұл кезде өсімдік биті 90 процентке дейін құриды. [20] Ащы жусан (полынь). Көпжылдық шөп. Бұл шөп ветеринария саласында да, медицинада да кеңінен қолданылады. Өсімдіктің жапырақ зиянкестерімен күресуде 1 кг жақсы кептірілген жусанның сабақтары мен жапырақтарына 10 литр су қосып, 10-15 минут қайнатады. Инсектицидтік қасиетін күшейту үшін, ерітіндіге 1 кг кебу тауық көңін қосқан жөн. Егер зиянкестер тараған өсімдіктерді екі рет осы ерітіндімен себелесе, жапырақты зиянкестерден дер кезінде сақтап қалуға болады. Экономикадағы жылыжайдың тиімділігі Күні кешеге дейін жылыжайда өскен көкөніс десе, көз алдымызға дәріленген бақша өнімдері елестейтін. Оны денсаулығымызға зияны бардай көріп, алуға құлқымыз бола бермейтін. Одан гөрі ашық аспан астында өскен табиғи өнімді алуға ұмтылатынбыз. Сөйтсек, шындығында, ауа-райының қолайсыздығына тәуелсіз жылыжай шаруашылығы ашық жермен салыстырғанда сапалы мол өнім алуға кепілдік береді екен. Әлемдік болжамдар бойынша, үшінші мыңжылдықта дамыған елдердің ауыл шаруашылығы жабық жылыжайларға ауысады. Дәл қазір олар осындай әдіспен өнім алу үшін 2 пайызбен 25 жылға дейін ұзақ мерзімді несиелер беріп, диқандарына барынша қолдау көрсетуде. Айталық, Голландия 10 мың гектар, Түркия 41 мың гектар, ал аса қарқынды даму үстіндегі алып Қытай 2 миллионға жуық гектар жерді 12
  • 13. жабық шатырмен көмкеріп үлгеріпті. Көршіміз Ресей де көштен қалмай, 2 мың гектардан астам жерге жылыжай жасап үлгерді. Осынау әлемдік озық тәжірибені игеру мақсатында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен құрылған «Оңтүстік» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында алғашқы кезеңде 100 гектар көлеміндегі алқапқа жоғары технологиялық заманауи жылыжай кешендерін салу жобасын жү- зеге асыра бастады. Әлбетте, бастаманың бастаушысы болу – батылдықты, өз ісіне деген сенімділікті талап етері сөзсіз. Кеше ғана бос жатқан аңызақ алқаптың бүгін қызылды-жасылды рең алып, көрген көздің жауын алар жайқала қызанақ өскен бақшаға айналғаны кім- кімді де таңдандырмай қоймайды. «Болар істің басына, жақсы келсін қасына» дегендей, ауданы 140 гектардан астам жерге егілген қызанақ ойдағыдай өсіп, алғашқы өнімін бере бастады. Төгілген тердің қайтарымына әр гектардан 60 тоннадан өнім аламыз деген үміт бар. Жоба бойынша жыл санап көлемі ұлғая түсетін көкөніс алабы әлемдік озық технологиямен жабдықталған. Мақсатына жету жолында күн-түн дамыл таппаған дихан жылыжайдағы бақшаның суару жүйесіне израилдік «тамшылап суару» әдісін енгізді. Күтіп-баптау жұмысының толық жүйесі осы заманғы ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделген, үнемі білікті маман- диқандардың қадағалауында. Томаттың америкалық «пильмах» сорты өсірілуде… Ол дәмділігі және сырт көрінісінің әсемдігімен ғана ерекшеленіп қоймай, ұзақ мерзімге сақталатындығымен де тұтыныушының талғамынан шығады. Ия, әлемге кең тараған тиімді сорттың әр гектардан түсер өнімі 60 тонна, бірақ, бұл соңғы шек емес, одан да мол өнім алуға болады. Сәтті басталған, өркенді болашағына сенім ұялатқан бұл жоба – еліміздің оңтүстік өңірінде бақша-бау өнімдері кластерін қалыптастырудың алдағы күні кепіліне айналмақ. Оған қажетті шарттардың бәрі бар: Мұнда мемлекет қарамағында игерілмей бос жатқан, егіс егіп, ел қажетін өтейтін жерлер бар, онда еңбек етер жұмыс қолы жетерлік. Өзіне тән қиындығымен басталған бастаманың алда тұрған проблемалары да жетерлік. Келесі жылы егіс көлемін 1000 гектарға жеткізу (оның ішінде 850 гектар көкөніс, ал 150 гектар жеміс-жидек өсіруге арналған бау) көзделіп отыр. Осылайша, бұл іргелі шаруашылық 2012 жылға дейін 4000 гектарға дейін ұлғаймақ. Осыған орай, жоба бойынша, бақша, бау өнімдерін өңдейтін өмір талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталған зауыттар салу. Алдағы уақытта күнделікті 600 тоннадай қызанақ өңдейтін осы заманғы озық технологиямен жабдықталған зауыт құрылысын салуға итальяндық Rossі @ Catellі компаниясымен келісім-шарт жасалынды. 13
  • 14. Ресми мәліметтерге сүйенсек, мүмкіндіктер мол бола тұра, жылыжайларда көкөніс пен жеміс жидек өсіруге шындап көңіл бөлініп, қолға алынбағандықтан, өткен жылы Қазақстандағы қолда бар жылыжайларда 2690 тонна ғана көкөніс өндірілді. Бұл – жалпы көкөніс көлемінің небәрі 0,2 пайызы ғана. Ал, көрші Өзбекстан 2007 жылы 76 мың тоннаға жуық көкөніс пен жеміс-жидекті шетке шығарған. Бұл жағдай, елімізде көкөніс пен жеміс–жидекке деген сұранысты (әсіресе, қыс айларында) ұлғайтып, бағаның шарықтауына жол беруде. – Елбасымыз, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен жедел қолға алынған бұл өзекті мәселе, - дейді., – көкөніс-жеміс өнімін сырттан әкелуді азайту, ел тұрғындарының сұранысын қамтамасыз ету, экспортқа бағытталған өнімді өндіруде жаңа технологиялар мен жабдықтарды пайдалану арқылы жоғары сапалы өнімділікке қол жеткіз. – Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған биылғы жылғы Жолдауында халықты өзіміз өндіретін отандық сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету – негізгі міндеттердің бірі екендігін атап көрсетті. Бұл міндетті шешуді ол «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ҰК» акционерлік қоғамына тапсырды. Бұл саланы дамытудың Қазақстан үшін маңызы зор. Біріншіден, жылыжайдан өндірілген өнімдер жыл бойы өзімізді көкөніспен, жеміс– жидекпен толық қамтамасыз етеді және бағасы арзандайды. Екіншіден, жұмыссыздық азаяды. Үшіншіден, олардың сапасы шетелден әкелген өнімнен әлдеқайда жоғары болады. Ауа-райы жайлы оңтүстік облысымыз үшін жылыжай шаруашылығын дамыту тиімді-ақ. Мысалы: энергия тапшылығын ескеріп, жылыжайларды қосымша үнем беретін термалды көздерінде салған тиімді. Сондықтан, қазіргі таңда жылыжайды Арыс кен орнындағы термалды көздерінде құруды қарастырудамыз. Бұл арқылы, біз өнімнің бағасын 50 пайызға дейін кеміте аламыз. Бұл жаңа жобаның тағы бір айтарлықтай ерекшілігі бар. Ол – технологиялық процестерді басқару үшін жылыжайда климат–бақылау мен барлық жүйелерді үйлестіретін бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі пайдаланылады. Осы факторлар арқасында өнімділік ұлғайып, еңбек шығыны төмендейді. Бұл жобаны іске асыру барысында бірнеше маңызды мәселелерді жан-жақты әрі тиімді шешуге қол жеткіземіз. Біздің диқандар көкөніс пен жемістерді өсірудің ресурсты сақтау технологиясын игереді. Халқымыз экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз етіледі. Көкөніспен пен жемістердің сапасына мемлекеттік бақылау жақсарады. Биылғы жылы 200-ге таяу маусымдық жұмыс орны ашылды. Ал, 2012 жылға қарай бұл көрсеткіш 1000-ға дейін жетеді деп болжануда. Халықты шырынмен, қызанақ тосабымен қамтамасыз ететін, балаларға арналған тамақ өндіру зауыттары іске қосылмақ. 14
  • 15. Бұл жобаны іске асыруға бірден-бір тиімді жер, облысымыздағы Арыс, Сайрам аудандары. Өйткені, осы жылыжай құрылысына таяу жерде тоғыз жолдың төрабы – Арыс, Шымкент стансалары тұр. Оларда солтүстік пен орталық Қазақстанға теміржол және автокөлікпен тасымалданатын қазіргі заманғы көкөніс пен жеміс–жидекті сақтау мүмкіндігі бар аймақтық терминал салуға, сөйтіп, облысымызды көкөніс және жеміс кластерін қалыптастыруға болады. Жылыжайлардағы көкөніс дақылдарын өндіру, өсіру жолдары. Өсімдік организмі өзін қоршаған сыртқы жағдаймен тығыз байланыста болады. Өсімдіктің өсіп жетілуі ең алдымен оның жарықпен, сумен, жылылықпен және қоректік заттармен камтамасыз етілуіне байланысты. Осы факторлардың барлығының белгілі бір құрамда жеткілікті болуы ғана өсімдіктің өсуіне, жетілуіне, сөйтіп жақсы өнім беруіне кепіл бола алады. Өсімдіктердің фитонцидтік және инсектицидтік қасиеті көшен белгілі. Сол себепті біз Шардара ауданында жиі кездесетін және қолдануға тиімді фитонцидтік өсімдіктердің бірнеше түрлерін жылы жайларда кездесетін зиянкестерге қарсы пайдалануды ұсынамыз. Окушылардың биология пәнінен алған білімдерін тірі табиғат аясымен байланыстыра тереңдетуде жылыжайдың қосар үлесі мол. Жылыжай іргетасы цементпен, қабырғалары мен төбесі әйнектен жасалған шағын үй. Жытыжайдың негізгі бағыты - xaлықты дәрумені көп бақша да- қылдарымен, көкөніспен және оқу үрдісіне қажеттi өсімдіктер өсіру, тірі ағзалaрдың құпия сырларын ашу. Жылыжайды көлеңке түспейтін ашық жерде салады. Жеріне бірнеше қалыңдықта ұсақ тас, кірпіш сынықтарын салады да, оның үстіне бірнеше қалыңдықта қара топырақ, ағаш үгіндісі, құм, минералды тыңайтқыштар мен құнарлы қара топырақтар төсейді. Өсімдіктерге сыртқы ортадан қажет жағдайлардың бірі - жарық. Жылыжайды жарықпен қамтамасыз ету үшін жетіспеген күн сәулесін электр шамының жарығымен толықтырады. Өсімдіктерге ең тиімді жарық қызғылт-сары түсті сәулелер, олар өсімдікте жүретін фотосинтез үрдісін 15
  • 16. күшейтіп, тез гүлдеуіне жағдай жасайды. Өсімдіктерді қоректендіру үшін - жылыжай еденіне төселген то- пырақты ауық-ауық тыңайту керек. Өсімдіктерді су себу, бурку әдіс- терімен суарады. Жылыжайда өсімдіктерді экологиялық топ бойынша орналастыруды естен шығармаған жөн. (Мысалы, құрғақшылыққа төзімділер, бірқалыпты ылғалдылықта өсетіндер, ылғалды жерде өсетіндер, жарық сүйгіштер, көлеңкеде өсетіндер т.б.) Биологтің міндеті - әрбір өсімдіктің қоршаған ортаға қалай бейім- делетінін терең білу қажет. Жылыжайға дұрыс орналастырса өсімдіктер ешбір дертке шалдықпай өсіп, ұзақ уақыт тіршілік етеді. Әр өсімдікте төлқұжат болу керек, онда оның тұқымдасы, туысы, түрі, шыққан жері, сыртқы ортаға бейімделуі (жарық сүйгіш. көлеңкеге төзімді, ылғал сүйгіш т.б) көбею жолдары (тұқымымен, жапырағымен, сабағымен, атпаларымен, тамырсабағымен, түйнектерімен, пиязшығымен, т.б.) жазылады. Жылыжайда жұмыс жыл бойына жүргізіледі: - қаңтарда - қыстың нағыз суық айында, көбінесе, өсімдіктерді күту (бірқалыпты суару, топырағын қопсыту), бақша өсімдіктері тұқым- дарының шығымдылығын, пиязшық, түйнек, тамырсабақтарының дұрыс сақталуын тексеріп, арасында бүлініп, шіри бастағандары болса, тазарту, жылыжайды қосымша жарықтандыру, температурасының бірқалыптылығын қадағалау, т.б жұмыстар атқарылады; - ақпан айында бөлме өсімдіктері мен көктемде ауладағы отырғы- зылатын гүлдердің (бегоня, сальвия, қалампыр т.б) тұқымын сеуіп, көшетке дайындайды; 16
  • 17. - наурыз - көктемнің алғашқы айы болғандықтан, өсімдіктерді жаппай өсімді мүшелерінен көбейту жұмыстары жүргізіледі, бөлме өсімдіктерімен бірге көшет егу үшін бақша өсімдіктерінің де (бұрыш, баклажан, қызан т.б.) тұқымын себеді. Көктем ерте шығатын облыстарда бұл жұмысқа ерте қамданады; - сәуір айында өсімдіктерді көбейту жұмыстары жалғастырылады. Бөлме өсімдіктерін бір орыннан екінші орынға көшіріп отырғызу жұмыс- тары да осы айда жүргізіледі; - мамыр айында көшеттер мен жұмыс, оларды ашық алаңға отырғызу басталады; - маусым айында көшеттердің босаған орнына көп жылдық өсімдіктерді, қабырғaдағы сөреге бөлме өсімдіктерінің қалемшелерін отырғызады; — шілдеде бөлмеде қыстан шыққан өсімдіктердің кейбір түрлерін ашық алаңға көшіру, бөлмеде қалғандарын тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру, жас өркендерінің топырағын қопсыту, бос қалған жер-лерді тазарту жұмыстары жүргізіледі: — тамызда өсімдіктердің тұқымы мен жемісі піскен кейбір түрлерінің тұқымдарын жинайды. Оларды күту жұмыстары одан әрі жалғастыры- лады; — қыркүйекте жылыжайдың жан-жағындағы сөрені бөлме өсім-діктерінен босатады, топырағын жаңартады, гүлзардағы гүлдеп тұрған өсімдіктердің тұқым беруі үшін жылыжайға көшіреді: — қазанда өсімдіктердің түйнектерін, тамырсабақтарын, пиязшық-тарын қазып алып, сақтауға қояды; — қарашада қабырғадағы сөреге түрлі бақша өсімдіктерінің (аскөк, қызан, қияр, пияз т.б.) пиязшығын отырғызып, тұқымдарын себеді. — желтоқсан айында қарашадағы жұмысты жалғастырады. Жылыжай — үйірме жұмыстарын жүргізуге өте қолайлы орын. Мұнда гүл өсірушілер үйірмесіне қатысушылар — гүлдерді күту, бақша өсімдіктерін өсіру, гүлдердің көшетін өсіру жұмыстарымен шұғылданады. 17
  • 18. Оқушылар жылыжайда жұмыс істеу арқылы өсімдіктердің өсуі мен дамуына бақылау жасап, зерттеу жұмыстарының түрлі әдістерін меңгеруге мүмкіндік алады. Мысалы, олар "Өсімдіктерден тұқым алу", "Өсімдіктерді тамырынан көбейту", "Екі жылдық өсімдіктердің даму-ын бақылап, тұқымын алу", "Бөлме өсімдіктерін жапырағынан көбей-ту, пиязшығынан көбейту, тамырсабақтарынан көбейту, жапырақ са-бағынан көбейту", "Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар", "Өсімдіктің өсуі мен дамуына тыңайтқыштардың әсері" т.б. тақырыпта тәжірибе жұмыстарын жүргізеді. Оқушы жазда оқу- тәжірибе үлескісінде істеген жұмыстарын қыста жылыжайда, керісінше жылыжайдағы жұмысты көктемде ашық алаңда жалғастырады. Оқушылар өсімдіктің өнуіне кажетті жағдайларды тәжірибе арқылы біледі. Тұқым өнуі үшін міндетті түрде су, ауа, жылу, жарық қажет. Жылыжайда бөлме өсімдіктерін ғана емес, бақша өсімдіктерінде өсіруге болады. Жеміс алу үшін қызан мен қиярды қолдан тозаңданды- рады. Қазіргі нарық қысқан заманда жылыжайда бақша дақылдарын көбірек өсіріп, мектеп асханасын көкөніспен қамтамасыз ету шарала-рын іске асырудың ешбір артықтығы жоқ. Жылыжай — оқушылардың биология пәніне қызығуын арттырып, сарамандық іскерліктерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Тәжірибелік әдістер Механикалық тәсіл. Бұл тәсілді кебіне жылыжай мен оранжереяда қолдануға болады. Мұндай тәсілдің негізгі шарты нематодалар бар топырақты жаңа, таза топырақпен алмастыру. Алайда бұл тәсілді қолдануға көп күш және қаржы қажет болады. Физикалық тәсіл. Нематодоз ауруы тараған топырақ ыстық су буымен өнделіп қыздырылады. Оны көбіне теплицаларда қолданады. Стационарлық бу жасайтын ыдыстан қосымша 2-3 атмосфералық қысыммен бу түтік арқылы алдын ала топыраққа көміп қойған металдан не керамикадан жасалған трубаларға беріледі де топырақ белгілі температураға дейін қыздырылады. Өсіп тұрған өсімдікті залалдандыру әдісі әлі жете ашылған жоқ. Соңғы уақытта топырақтағы гама нематодасының личинкаларын өлтіру үшін электр тогы пайдаланылып жүр. Шетел ғалымдарының мәліметтері бойынша, топырақ пен суда гама нематодасын құрту үшін қарапайым индукция катушкасының аралығында орналасқан электродтардың әсерімен пайда болған электр өрісінің соғуын қолдануға болады. Біздің елімізде жылыжайлардың топырағын паразиттерден Электр тогының жәрдемімен тазарту жөнінде жақсы нәтижелерге 18
  • 19. қол жетті. Биологиялық тәсіл. Практикада аз қолданылады. Дегенмен бұл тәсілдің басқаларға қарағанда артықшылығы бар. Оның зиянкестерге профилактикалық әсері күшті және оны қолдану жолы арзанға түседі. Дадингтонның (1959), Сопруновтың (1958) және Парамоновтың (1954) зерттеулері көрсеткеніндей, нематодаларды жыртқыш саңырауқұлақтар, кейбір бактериялар жойып жібереді. Осындай қасиеті бар саңырауқұлақтарды гельминтофаттар деп атайды. Бұл шараны қолдану жолын тапқан микролог М. С. Воронин еді. Оның анықтауы бойынша саңырауқұлақтар өзінің жіпшелері арқылы нематодаларды ұстайды. Кейінірек бұл тәсілдің артықшылығы айқындала түсті және жетілдірілді. Жыртқыш саңырауқұлақтың таза культурасын алу үшін споралар мен мицелийлерді жүгері жармасынан дайындалған арзан қоректік ортада өсіруге болады. қоректік орта автоклавта 120 градус температурада бір сағат бойы ұсталса кұрттан тазарады. Осыдан кейін автоклавтан шыққан ыдыстардағы субстраттар суыған кезде түйіршіктер пайда болмау үшін, оларды бірнеше рет сілку қажет. Жыртқыш саңырауқұлақ споралары мен мицелийлері 150 грамдық шприцке жиналады. Әр ыдысқа шамамен оның 15-20 мл спорасы салынады. Ішінде жыртқыш саңырауқұлағы бар ыдыстар температурасы 25-30 градус термостатта сақталады. Көп ұзамай саңырауқұлақтар өсіп, споралар пайда бола бастайды. Саңырауқұлақтар жетілген уақытта ыдысы ашылады да, ашық ауада не үйде кептіріледі. Жақсы кептірілген 1 грамм ақ ұнтақтың құрамында 1,5 миллион спора болады. Жыртқыш саңырауқұлақ препараттары құрғақ жерде қалталарда немесе жәшіктерде сақталады. Химиялық әдіс. Мелоидогиноз ауруына қарсы 19
  • 20. қолданылатын химиялық препараттар әр түрлі жоне оған байланысты қолдану тәсілдері де өзгеше келеді, қазіргі кезде жұмыр құрт әрекетінен туатын нематодоз ауруына қарсы карбатион, тиазон, фумигант 93 препараттары жатады. Химиялық препараттарды қолданғаннан кейін де жұмыртқа- лардан кенелер өсіп шыға алады. Өсімдікті ересек кенелермен қатар личинкалары да зақымдайды. Олар жапырақтың астыңғы бетіне орналасып алып, оның шырынын сорады. Зақымданған жапырақтар сарғайып, қурап қалады. Онан соң личинкадан өсіп шыққан кенелер басқа көрші жапырақтарға ауысады. Кенелер бір жерден екінші жерге жылыжайларда жұмыс істеп жүрген адамдардың киіміне жабысып та көше алады. Помидордың аурулары және зиянкестері қарамойнақ ауруы. Бұл ауру кебінесе помидор өсетін ортаның қолайсыздығынан туады. Қоректік заттар жетіспеген, әлсіреген өсімдіктерге неше түрлі ауру қоздыратын микро- организмдер әуес келеді. Айтылған аурудың пайда болуына ризоктония соланий саңырауқұлағы себеп болады. Көбінесе ризактониоз жаңадан отырғызылған көшеттерге тән ауру. қөбінесе аурудың кең таралуына теплицадағы температураның бұзылуы, ылғалдың артуы, өсімдіктердің өте тығыз отырғызылуы себеп болады. Бұл аурудың әуелгі белгісі апрельдің аяғы, майдың басында байқалады. Ауру өсімдіктердің түп тамыры қарайып, тамыр сабағы жіңішкеріп, сола бастайды. Аурудың ұлғаюына байланысты өсімдік біртіндеп солып, кейіннен шіріп кетеді. Осындай ауруды қоздыруда басқа да саңырауқұлақтардың зиянкестігі айтарлықтай. Ондай зиянкестерге алтернария, фузариум, путиум тектес саңырауқұлақтар жатады. Осы аталған ауру қоздырғыштар топырақта тіршілік етеді. Бұл саңырауқұлақтардың субстраттағы мицелийлері күңгірт жасыл, қара-қошқыл реңді болады. қонидиялары көлденең және тік перделерімен бөлініп, сағақтарда тізбектеліп орналасады. Олардың пішіндері алмұрт тәрізді сопақтау болады. Жылыжайларда, парниктерде топырақты ыстық, бумен қыздырып булайды, жылыжайлардың ішін желдетіп отыру және температурасының шамадан тыс жоғарылап немесе төмендеп 20
  • 21. кетпеуін қадағалап отыру керек. Зеңді шірік. Бұл ауруды ботритис пинера саңырауқұлағы қоздырады. Помидор жапырағы жиектерінде қоңыр түсті үлкен дақтар пайда болады да, ол жерден үлпілдеген сұр түсті саңырауқүлақ ұрықтары шашылады. Помидордың жемісінде де осындай сұр дақтар,ал ұлғая келе күйікке ұқсас қара дақ пайда болады. Саңырауқұлақтар қоздыратын қияр аурулары. Қиярдың тамыр шірігі. Бұл ауруды қоздырғыш саңырауқұлақтар Факультеттік паразитгер фузариум туысына жатады. Фузариум туысына жататын саңырауқұлақтар топырақта және өсімдік қалдықтарында сапрофитгі тіршілік етуге бейімделген. Сонымен қатар олар белгілі бір қолайсыз жағдайлардың әсеріен әлсіреген немесе механикалық жараланған өсімдік органдарында жартылай (полупаразит) паразиттік тіршілік етіп, оларды зақымдайды. Фузариум саңырауқұлақтарының тіршілік циклында конидияаы спора түзу үлкен орын алады. Олар микроконидия және макроконидия дейтін екі түрге бөлінеді. Біріншілерінің пішіні орақ тәріздес немесе жаңа туған ай тәріздес келеді және олар көлденең перде- лермен бірнеше клеткаға белінеді. Микроконидиялардың пішіні шар, жұмыртқа, эллипс, алмұрт тәрізді болып келеді. Қоршаған ортаның қолайсыздығынан фузариум саңырауқұлақтары хламидоспора және склероций деп аталатын бөліктер түзеді. Склероцийлер қолайсыз кезде ұзақ уақыт бойы тыныштық қа- лыпқа кешіп, тіршілігі үшін өте қауіпті теменгі және жоғарғы температураны немесе құрғақшылықты басынан өткізеді. Қияр тамырларының шірік ауруға ұшырауына фузариум саңы- рауқұлақтарының бірнеше түрі себеп болады. Олар өсімдік организмінде су мен қоректік заттар жүретін тутік талшықтарын зақымдайды. Зақымданған қияр тамырларының іші қуыстанып, онда саңырауқұлақтың мицелийлері мен споралары түзіледі. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің жапырақтары солады, тамырлары қараяды. қиярдың тамыр шірігі ауруының тарауына тұқымды күн салқын күзде отырғызу (жылылық 200 С шамасынан төмен кезде отырғызу, ылғалдың көптігі 90 % мөлшерінен жоғары болуы), тұқымды терең егу, өсімдікті салқын сумен суғару себеп болады. 21
  • 22. Мұндай ауруға ұшыраған өсімдіктердің тамыры қарайып, сабағы жіңішкереді де, көп ұзамай өсімдік мүлдем солып қалады. Ауа райының құбылмалылығы да тамыршірік ауруының дамуына қолайлы болады. [3] Қиярдың солуы. Кейбір жағдайда қияр есімдігінің өзінен-өзі салып қалғаны байқалады. Мұндай жағдай ауа райының қолайсыздығынан, керекті тыңайтқыштардың жетіспеуінен, дұрыс суарылмауынан, температура режимінің бұзылуынан болады. Агротехникалық шаралар дұрыс қолданылған шаруашылықтарда қияр өсімдігінің солуы байқалмайды. жағдайда өciмдiк нематодоз ауруына аз шалдығады. 22
  • 23. Қорытынды. Республикамызда Егемендікке қол жеткізгеннен кейін, халқымыздың тұрмыс дәрежесін жоғары көтеру үшін, бірнеше жоспарлар жүзеге асырылуда, соның ішінде Шардара ауданы көкініс дақылдарын өсіру үшін табиғатты қолайлы болғандықтан келешекте жылыжайларда өсірілетін көкөніс өсімдіктерін өсіру кең көлемде қолға алынбақ Бірақ жылыжайларда өсірілетін көкөніс өсімдіктерінің зиянкестермен күресу және олардың түрлерін анықтау үшін Шардара ауданында зерттеу жұмыстары аз жүргізілді. Осыған байланысты біз алдымызға мынадай мақсат пен міндет қойдық: 1.Шардара ауданындағы жылыжайларда өсірілетін көкөніс өсімдіктерінде тіршілік ететін зиянкестердің негізгі түрлеріне сипаттама жасау. 2.Жылыжайларда өсірілетін көкөніс өсімдіктерінде тіршілік ететін зиянкестерге қарсы фитонциттермен күресу шараларын ұйымдастыру. Осы алға қойған мақсатқа жету үшін "Мақта"ғылыми зерттеу инистутының "Энтомология" бөлімімен және биолабороториялармен тығыз байланыста бола отырып, біз тәжірибелерімізді Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында өткіздік. Тәжірибе барысында әр түрлі шараларды қарастырдық. Солардың бірі жылыжайларда өсірілетін көкөністерді алдын ала сақтандыру. Сондай-ақ біз атқарған тәжірибемізде Шардара ауданыңда жиі кездесетін фитонцидті өсімдіктерді (кәдімгі пияз, сасық пияз, адыраспан, меңдуана, сасық 23
  • 24. меңдуана, кәдімгі помидор, картоп, түймедақ) тиімді пайдалану арқылы жер иелерінің мол өнімге қол жеткізу үшін пайдалануды ұсынамыз. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Биология. Алматы «Рауан» 2000. 2. Чевышева Н.Б. Биология. Жаңа анықтама 2007. 3. Ивашенко А. «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» -Алматы. «Кітап» 2007. 4. Илюхин Г.П., Р.Корбозова, Р.Жаймурзина Введение в биологию. Москва.; Мир, 1987. 5. Паромонов Г.С., Сапронов В., Воронин М.С. Основы биологии. Книга для самообразования. Москва.; Просвещение, 1981. 6. Медников Б.Н. Биология: Формы и уровни жизни. Москва.; Просвещение, 1984. 7. Жылыжайдағы жұмыстар. Әдістемелік журнал. Алматы 2010. 24